ВЕРНУТЬСЯ

     1

     Жақпай-ақ қойдым осы елге,

Жаласы қалмай жаппайтын,

Көсем бе, көбік-шешен бе,

Бірі жоқ мені мақтайтын.

Жауым да қанша жүр мәлім,

Түнере түсіп, түртінген.

Сазара қарап тұрғанын

Сезіп те қоям сыртыммен.

Қасқая қарап өтем кеп,

He
істер олар шынында,

Дос-дұшпан
күлген екен деп,

Қисая қоймас қылым да.

Ырылдассын да жатсын деп

Өтемін әрі мен өктем.

Шаңымды біраз қақсын деп,

Шамына тием кенеттен.

Әйтсе де, азып аз күнде,

Әлсіреп, әрең алам дем,

Жылай да жаздап бәзбірде,

Құлай да
жаздап қалам мен.

Содан да болар, тебіндеп

Өреді ойлар қайдағы:

Неткен бір кесір едім деп,

Едім деп неткен айлалы.

Көкірегімді ашып қайда да,

Атушы ем атсам мен дәлдеп.

Ойлаймын кейде айнала

Көре алмайтындай нем бар деп.

Өзіне өзі сенімді

Өр бола түссем деймін де,

Түріп ап етек-жеңімді

Жүремін үнсіз кейбірде.

1950 жыл

 

     2

    Жерлеп келіп отырмын жолдасымды,

Басқаларға бұл
енді болмас үлгі.

Өзгелерге, өйткені, ол әлі тірі,

Жаны тірі, жанында жары үкілі.

Сырт көзге мен онымен доспын өлі,

Онсыз кіре қоймайды кештің әрі,

әлі күнге онымен тірі өбісіп,

сырахана жақтарда жүрем ішіп.

Айта алмаймын ешкімге келген бетте,

Айта алмаймын оны мен өлген деп те.

Ол сөйлесе -

дір етіп неге денем,

Тілдескендей боламын керегемен.

Естілгендей жаңғырып алыс бір ән,

Көлеңкемен стақан қағыстырам.

Кешір мені, жетпедім жебіріңе,

Үнсіз ғана жерледім сені, міне.

He
боп кетті, құдай-ау, естідің
бе?

Өлген жоқ қой, өлген жоқ ешкімім де,

Тасқа тиіп табаны қайығымның,

Қаншама бір досымнан айырылдым.

1957 жыл

 

      3.

     "Ұялшақ" жігіттер

Жігіттер бар
"ұялшақ",

Қыл аяғы

ақылды болуға да ұялады.

Тұрғандай
төсек болып бар керегі,

Махаббат дегенді де ар көреді.

Жұрт
көзінен зәресі ұшып әрі,

Анасын аймалаудан қысылады.

Біреулер мазақ етіп жүре ме деп,

Жалтандар жан-жағына, тым елендеп.

Қысылар түнде үйіне тез қайтудан,

Біреудің өтігірін көзге айтудан.

Қалғысы келгендіктсн ер көрініп,

Отырар ыржаландап, төрде күліп.

Қысылар кісілікті ой дегеннен,

Сөзіне "тұздық"
қосып сөйлемеуден.

Қысылар жақсылықтан жерінбеуден,

Досына топас болып көрінбеуден.

Тартынбай Иуданы ақтаудан да,

Қысылар Христосты сатпаудан да.

Белгісіз қандай күйге ұшырары,

Креске керілуден қысылады.

Қысылмай сұмыраймен
дос болудан,

Қысылар қалталары бос болудан.

Осындай "ұялшақтар"
арасында,

Жүру де қорқынышты, нанасың ба?!

 

      4.

     Ескі дос

Түсіме енді ескі
досым

жауға айналған жырынды,

Тек бұл
жолы дұшпан емес,

дос боп кірді бұрынғы.

Маңайымда
жүргенімен,

көрінбейді қасымда,

Мына түстен

шыр айналып кете
берді басым да.

Түсіме енді ескі
досым,

ащы айқайы
ақталған,

Баспалдақта

көрінгеннің аяғына тапталған,

Кектенеді маған емес ұшырасар өлі де,

Арамызға от тастаған антұрғанның бәріне.

Түсіме енді ескі досым,

жара салып жанға ашты,

Қайырылмай кете берген

махаббаттай алғашқы.

Тәуекел деп тас та жұтқан,

тайсалмаған шайқастан

Жау боп шықтық,

достар едік құшағымыз
айқасқан.

Түсіме енді ескі досым,

айқай-сүрен, әлулай,

Соғыстан соң

солдаттардың түсіне енген жалаудай.

Онсыз мен де - мен емеспін,

менсіз ол да - ол емес,

Арамызға түсті сызат, түсті сызат ерегес.

Түсіме енді ескі досым,

ол да мендей нақұрыс,

Жазықты кім, жазықсыз кім?

Кетті бізден ғапыл іс.

"Үйреніскен дұшпан жақсы" -

дегенді көп
естігем

Дұшпан шіркін,
табылар-ау,

қайдан алам досты мен?!

1973 жыл