ВЕРНУТЬСЯ

Көздедің...

     Көздедің...

көзден тұрып...

тез атпадың,

кідіріп, сонша неге созақтады -

Тұрдың ба
білейін деп, апыр-ау, сен

ішінде ібілістің не жатқанын.

Біз үшін осы болып барлық үлгің, -

алдында қанды қырғын... сәл кідірдің.

(Куәсі болып ек-ау біз де талай

қапысыз құламерген
- дәлдігіңнің!)

Түбіңе жете жаздап сол кідіріс,

ақыры,

айта жүрер болды бір іс -

(Бұл дағы
әлдекімнің есебінше

әйгілі азаматтың ерлігі-мыс!)

Түңіліп тумаласы,
ұлты боқтап,

Әрнеге еміндіріп, елеңдетіп

        Әрнеге еміндіріп,
елеңдетіп,

Бара ма боқ дүние
менен де өтіп.

Қашан бір төрт құбылам
болды бүтін,

Шықпады, соңғы
үмітім, сенен де түк!

Тарқамай
көңілімнің көп құмары,

Құйындай ұйтқып-ойнап
өтті бәрі.

Жетем деп желігумен жүрдік күнде,

Ақыры
тірліктің де кетті ме әрі!

Аузыма қарата алмай әлі көпті,

Там-тұмдап тергенімнің мәні кетті.

Несіне осыншалық арып-аштым,

Қарасам -
кәрі-жастың - бәрі де епті.

Тантығы,жантығы
бар,тасыры бар

Өзен аты ежелгі Ертіс еді

      Өзен аты ежелгі Ертіс еді,

Ертіс десем - есіме ел түседі.

... "Хас сұлудың
сырғасын қайық қылған"

көкелерім әңгіме шертіседі.

Биіктігін биылғы бетегенің

айтып-айтып тоқтады көкелерім.

Сөз етеді әлі де тірі жүрсе

парыздың да қарыздың өтелерін.

Баяғы бір басылмай балаң аптық,

жібергенін айта ма... сәл ағаттық,

тағы бірі сақалын сығымдайды

осы корген күнін де қанағат қып.

Қарт жүрегін еріксіз бұлқындырып,

ағады өзен,... ақырын, ... сылқым күліп.

Шайқап-төгіп шалабын отыр бірі

Арғымақ күйші бала

    1

   Пай-пай, о-ой!...

Екпіні үйді жығып, жар құлатқан,

Селтиіп,
соңындағы ел шанды қапқан,

Қарадай
қалтырайды

Күйші бала

Көз алмай
көсіле ұшқан арғымақтан.

Қазақтың кешегісі, бүгіні ме,

Ілесіп ат
тұяғы дүбіріне,

Көшкіндей
лықсыған айқай-шудан

Естілмей
қуаныштың күбірі де;

Осының
бірін ұқса,

Бірін ұқпай

Жылайды
жыршы бала жұдырықтай,

Ысқырған
жүйрік пе,

Жел ме,
білмей,

Саусағы
сазын іздеп перненің кей.

Кіріптарлық

        Мен бүгін кіріптармын бәріне де,

жасқа да кіріптармын, кәріге де,

кіріптар болып барам

саудагердің

қолынан сатып ішер дәріге де.

Алдында мүләйімсіп
ұлықтардың,

күлмейтін жерлерге де - күліп бардым.

Өзімнің иманым мен арыма да,

ұры мен
қарыға да кіріптармын.

Ханға да кіріптармын, қараға да,

қолында қалашы бар балаға да,

қойдым-ау заман тілін ұға алмай-ақ,

шығандап шыға алмай-ақ дара ғана!

Абайдан ұлы
санап өкімдерді,

қаншама тілімізге зақым келді,

Страницы