ВЕРНУТЬСЯ

Арланын арыстанның қырғиы ілген

       Арланын
арыстанның қырғиы ілген,

Аңшыдай әңгіме
айтып тілді үйірген.

Отыр ем
топ ішінде жарқылдап тек,

Тиісті ол
арпылдап кеп бір бүйірден.

Жаңағы жайма-шуақ шырқымызды,

Арылдап,
дарылдаған күлкі бұзды, -

Пердесін
бетіндегі сырып тастап,

Шынжырын
мойнындағы жұлқып үзді.

Тірліктің наласы мен нарқын дөттеп,

Отыр ек
әңгіме айтып, ән тыңдап тек.

Ұрынып
анаған да, мынаған да

Төбеттей
тиіскені-ай арпылдап кеп!..

Болғандай зиялының бірі десе,

Қазақы әңгіме

      Қойындаршы,..

қоя тұр
сен, ..

қой бәрің,

қой боп еріп кетті лағып ойларың, -

адам болып жаралған соң, апыр-ау,

артық-ауыс болмайтын ба бойда мін!...

Қан майданға кіретіндей елді алып,

күпінесің, түтігесің сен налып.

Аяқ асты бола қапсың әулие,

кемелдік пен кемеңгерлік тең дарып.

Сүр жебедей атыла ма сес түрлі,

есуасқа айналдырып
есті ұлды,

халқымыздың мықты ақыны кешегі

кісі болмай шықты ақыры кеспірлі.

Бәрін қайдан білесіндер?!

Біліп кеп,

Өмір мен өлім

     ...Жұлдыздай
ақты кырда,

Жүзді
көлде,

Бермеді
тірлігінде тізгін ерге,

Сал да
өзі,

Сері де
өзі,

Серке де
өзі -

Бір жігіт
болып еді біздің елде.

Көп еді елден гөрі көргендері,

Көзге
атқан құралайды мерген де
еді,

Әйтеуір
өмірі де, өлімі де

Ертеден
қызықтырып келген мені.

Ілесіп тірлік атты ұлы ағынға,

Құландай
жүйткір еді құба қырда,

Қызға да,

Қызыққа да
тоймаушы еді,

Асаудың
ойнаушы еді құлағында.

Кемел аға

      Кемел Тоқаев рухына

     Алыс-жақын ағайынға ұнаған,

Кемел десе -

кемел еді бұл
ағаң,

өзі де әрлі,

сөзі дәмді жан еді-ау,

бастау алған таза, тұнық тұмадан.

Ұлы мектеп
ұстазындай бұрынғы,

күлгені де,

жүргені де - бір үлгі,

ұсақтарға
ерген емес елігіп,

көтермелеп көрген емес "ірінді".

Тал бойына дарытпаған
жат үнін,

тірлік кешті
анық басып, ақырын.

Салып бақты кісіліктің жолына

иман,

иба,

ар мен ұят,
ақылын.

Біреуіне исіндім

      Біреуіне исіндім,

Біреуіне
исінбей,

Біреуіне
сүйсіндім,

Біреуіне
сүйсінбей.

Біреулерін
жақтырдым,

Біреулерін
жақтырмай.

Бірін бәйек
қақтырдым,

Біріне сын
тақтырмай.

Бірін құрмет тұттым
да,

Бірін құрмет тұтпадым,

Біреулерін ұқтым
да,

Енді бірін ұқпадым.

Арамзадан ұтылдым,

Адалынан ұтылмай.

Саналыдан құтылдым,

Жағалыдан құтылмай.

Өңім бе жоқ - түсім бе,

Ендігісін
кім білген,

Осындай ел
ішінде

Страницы