ВЕРНУТЬСЯ

Көп қарадым

     Аязда аяқ тоңып,

күш те кеміп,

жігіт тұр
темекісін тістене еміп.

аландап зәулім үйдің есігіне,

атылып шығатындай іштен елік.

Қараумен сағатына ара-тұра,

қалмай да бара жатыр тағаты да.

Қос қолын қолтығына тығып алып,

билеген болады өзі ара-тұра.

Апыр-ау, талшық
алып тек үміттен,

баяғы мен ғой
мынау

сені күткен.

Өзінді бір көргеннен

түндерге ерген,

бойына жігіттіктің желі біткен.

Аумайды қалпағы да басындағы,

(Ауылдан келгендігін жасырғаны).

Өзімді-өзім қорғадым

     Өзімді-өзім қорғадым,

Өзімді-өзім қолдадым,

Ыстыққа да
күйгенмін,

Суыққа да тоңғанмын.

Отқа салса
-

Мақтадым,

Суға салса
- батпадым,

Өзімді-өзім
кінәлап,

Өзімді-өзім ақтадым.

Ерлігі ме жеке ердің,

Өткізбедім
бекер күн,

Төмендетіп
өзімді,

Өзімді-өзім
көтердім.

Көтерілдім, көктедім,

Жетіп
жүрдім.

Жетпедім,

Арызым жоқ
ешкімге,

Қарызым да
жоқ менің.

Тоймадым ба, тойдым ба,

Бәрібір мендей етіп айта алмайсың

      Бәрібір
мендей етіп айта алмайсың,

жорғалаған боласың, тайпалмайсың,

ауырлап жалғыз-жарым сөздің өзін,

арқаңа ер батқандай қайқандайсың.

Білсең де мендей бола алмасынды,

әурелеп, әукілдейсің, шал басынды.

Кісінің қызығын да қызғанатын

осы бір әдетің-ай... қанға - сінді!...

Қамшыны, қатар шауып, атқа бастық,

"Пайғамбар жасы" дейтін шақтан астық,

басқа бір, қолдан келсе, "ерлік" ізде,

жараспас енді бізге бақталастық!

Бәрібір енді мендей бола алмайсың,

өзінді, өзгені де тек алдайсың.

Бексұлтан Нұржеке баласына

      Тоқтықта да сыналған, аштықта да,

достыққа
да тұра алған, қастыққа да, -

Алпысың да жүр оған беттей алмай,

тал бойыңа жарасып жастық қана!

Азаматтың айналып үлгісіне,

пенделікті жуытпай күллі ісіне

алмағайып тірлікке жағынып та,

табынып та көрмеген бір кісіге!

Тойдырғандай тұлғасы
жүз кісінді -

дарын бар да, қарын жоқ - қыз мүсінді,-

Бел-белестен келеді беспен өтіп,

құрдасына
қалдырып күзгі сынды.

Кесіп беріп қоң етін ұнағанға,

қара тастай қатайып сынағанда,

Жеңеше

        Енді ойласам,отыздарға мол келген,

Жесір еді, кесір
еді сол жеңгем.

Бұрым болып
өрілмейтін қара шаш,

Білек түгіл,
көрінбейтін қол жеңнен.

Қолаң шашты қобырата бір тарап,

Үсті-басын
қағып-сілкіп, қымтап ап

Жүруші-еді,күлуші-еді
сылқылдап,

Ішіп алып
ләйлісе жұрт арақ.

Абысыннан асыра айтып әнді үздік,

Қажытқанын
жасыра айтып жалғыздық.

Қасымызға
қисая caп кейде бір

Көз
шырымын алушы еді сәл мызғып.

Өзі болып арсыз көңіл көз құрты,

Страницы