ВЕРНУТЬСЯ

Насыбай

        Қисайып көне тулақ-елтіріге,

«Таршылық
көрмейсің, деп, мен тіріде",

Қутыңдап
қаршығадай қартың отыр

Насыбай уқалатып
кемпіріне.

Сөзінің аяғы жоқ,басы
қайда,

Отыр шал
омырауын ашып айға.

Шұбырып сілекейі
төне түсер

Кемпірі уқалаған
насыбайға.

Үлкені осы болып
мұратының

Танауы таппай-ақ
тұр, сірә, тыным.

Ерінге ытқыта бір
жеберсе ғой

Көк бурыл
насыбайдың бір атымын!

Суалған екі жаққа
ұрт бітіріп,

Қасым аға

      Қасым Қайсенов

80 жасқа толғанда

     Жүре алмайтын біреуді арқаламай,

Ел деп туған еңіреп мәрт ағам-ай!

Селкілдемей жеттің-ау сексенге де,

Қарын да бар қалпында, қалта да бай.

"Бөлек қой деп көкемнің күлкісі де",

Танданбаған кісі жоқ түр-түсіңе.

Жұрт
ішінде түсесің көзге де оқшау,

Қоя берген нардай боп жылқы ішіне.

Жай-күйінді өздері сұрасын деп,

Кейде бізге тіл қатпай тұрасың көп.

Ағаларын, алдыңда аңқаң қағып,

Балалардың "енесін ұрасың" кеп.

Қасекем-ай, қайбірін сөз қыламын,

Мағжан

       Өз көрін өзі барып тірі қазған,

армысың,

жыры маржан

Ұлы
Мағжан,

Тағдырың
тап келгенін көрмеймісің,

Кезеңге
тілің арзан, дінің азған.

Түртуден
жетсе талып әлдебір үн,

Елестер
сенің ауыр, зарлы өмірің,

Қара бұлт қам көңілің сияқтанып,

Ізіндей шұбатылар зәндемінің.

Жан болып жаралдың да құсаң қалың,

Жетпеді
жеке самғап ұшарға өлің,

Желмая,
желге біткен екпініңмен

Ешкімнің
алдына да түсе алмадың!

Тиді ме,

Тимеді ме
тірі себі,

...әй, Ұлықбек

       ...әй, Ұлықбек,

жатып жастық болмай-ақ жайылып тек,

ер кендіктен өлмейді,

шамаң жетсе,

кердендіктен тезірек айығып кет!

Айтып едім,

болмадың,

сәл өтініш,

сәл өтініш аяғы - өлі өкініш,

осы болса білгенің,

оны да өзің,

дәру
болсын "дертіңе",

дәрі етіп іш!

Мен айтпай-ақ атағың жайылар сан,

қайтесің сол... бұтынды жайып алшаң,

Көтере алмай, кім білсін, жүрермісің,

бұдан
гөрі... біржола байып алсаң!.

...Кімдер келіп бұл жерге, кім кетпеген,

Бұл неткен күн болды өзі

       Бұл неткен күн
болды өзі,

Бұл неткен күн,

Аяқ асты демігіп,күлбеттендің,

Арамызға сызат боп
түскен жіпті

Шешілместей
біржола күрмеп бердің.

Күн болды ғой біз
үшін бұл бір ауыр,

Жайма-шуақ
көңілде тұрды дауыл.

Біле де алмай дал болып қала бердім,

Кімді
ағайын дерімді,кімді бауыр!

Құдай ісі
-күлдің не,жыладың не,

Енді жүре
алмаспыз сірә, бірге.

He сен болып, құдай-ау,
не мен болып,

Таба
алмадық бір амал мына күнге!...

Страницы