ВЕРНУТЬСЯ

Аңсау

      Дариға-ай, қызығындай құралайдың,

Барады-ау
бастан ауып бұлағай күн, -

Қол бұлғап қала берген жастық шақтың

Жабысып,
жабығынан сығалаймын.

Екпіні елді ықтырған, ерлік тұнған

Қай тұста қалып қойдың, қыран-айбын?!

Дариға-ай, өмір атты майданда бұл,

Қам көңіл
таба қойсын қайдан дамыл,

Салдықпен сары жайлаудың сайын кезіп,

Салсақ па
сазы бөлек сайранға бір!

Бұл күнде
әні де жоқ, сәні де жоқ,

Қаңырап
қала берген қайран да қыр!..

Көмескі көңілдегі отты әурелей,

Атымыз қырда қалар, жырда қалар

       Атымыз қырда қалар, жырда
қалар,

қалың ел түбі келіп бір бағалар.

Алдында ақтарды деп барымызды,

алдымен зарымызды тындап алар.

Алатын әр сөзіңді мыңға балап,

біздің ел бар деуші еді жырда қанат,

... Ендігі мұңымыз
да, шынымыз да

ілескен артымыздан ұлға аманат.

Кезінде
берейін деп берерімді,

жарысып дүлдүлмен де нелер үнді,

біразын салған едікжол-арнаға, -

ұмытып
оларға да не көрінді.

Қастерлеп менің ұлы
мекенімді,

бізді ол ұрпағына
етер үлгі,

Мұхтар Мағауин

      Көрінгенге
етпеген сөзді шығын,

Ері қайсы, білуші ем, ез кісі кім.

Ел Сен
болсаң, қашанғы хас шеберсің

қашап жатқан жалықпай өз мүсінін!

Қыр астынан көрініп зеңгір тұлғаң,

Озенге де ұқсайсың
өрге ұмтылған.

Алатауда емессің, Қаратауда,

Дара тау ма деп қалам Сен бір тұрған!

Ұқсап
туған даланың тарпаңына,

бет қаратпас мінезің бар тағы да.

Пенде болып ермедің ел сөзіне,

Көңілінді
бермедің хан тағына.

Қара сөзде қазақы желдей естің,

Тізгінінді тіріге бермей өстің.

Көктөбет

     0, көктөбет,
көктөбет,

Шынжырлаулы
қалпында-ақ,

Арпалыса бересің,

Айналаңа
арпылдап,

Үресің де жүресің

Қаңқылдап та маңқылдап...

Мен дегенде жының бар -

Жауыңнан да жат көріп,

Жұлқынып
та бітесің

Тап-тап
беріп, тап беріп,

Қылқынып
та бітесің,

Қарғыбауыңды үзердей

Ортасынан
қақ бөліп.

Сүйек-саяқ тастасам

Жүліктерше жылмаңдап,

Жығылады жүнің
де,

Құйрық жағың
бұлғаңдап,

Қыңсылап та қылмаңдап,

Қырандай қанатымды қомдай сала

       Қырандай қанатымды қомдай сала,

аунатып ойнамақ ем... сол майсаға.

Салмақ ем қыста қырғын, күзде майдан,

болсын-ау бізде қайдан... ондай шама!

Араша ағайынға ән даулатып,

түлкідей алсам деп ем қарға аунатып.

Барайын қайда ғана мына қыста,

алыста, тым алыста қалды-ау бақыт!

Жатқанмен арамызда қанша мүшел,

шәрбатым сен бе деп ем аңсап ішер.

Көңілдің келе-келе дымы құрып,

ындыны кебе-кебе... шаршады... шөл.

Сызылтып салған ұзақ
көш-құлаш ән,

сен бе едің, бала кезден "өш құдашам?"

Страницы