ВЕРНУТЬСЯ

Көктем

      Қызыл-жасыл жалауын желбіреткен,

сел ғып өткен айнала,

келді көктем,

"Шыр айналған дүние өмірімде,

Тәңірің де менмін, деп, ендігі өктем!" -

Қолына алып патшалық бар билікті,

аспаннан да асқақтау ән-күй күтті.

Жартастарға жан бітіп,

кетті-ау дейсің

арғымаққа айналып жал-құйрықты.

Қолтығына тығыла көлді ұрғылап,

бұлдана
ма, қайтеді, мөлдір бұлақ.

Шөккен түйе секілді жоталардың

желкесінен жатқандай жел бұрғылап.

Әлі қыза қоймаған құмдарды аяп,

алдияр күн артады шындарға аяқ.

Ардагер сөзі

     "Еркелеп"
тағдыр маған, ерғашты ғып,

Яселкелеп,
жетпіс бес жыл жер бастырып,

Кеудесінен

Кертіп алып,

Тасып жатты,

Таусылып
бітпейтін бір кенді аштырып.

Арбалап асылымды, дорбалап та,

Тасыды оң
қанатқа, сол қанатқа,

Тасыды
масылы да, жасығы да,

Бай-батша
ғашығы да - қонған атқа.

Кім білген,

Жақын
тартып,

Жат
көргенін,

Кеудеме,

Кенін
алып,

Тақты
орденін,

Миыма
соның бәрі жете сіңбей,

Амантай Мамырбеков ініме

       Жалған айтып, жадағайлау ұрандап,

көрген жоқпын көрінгенге жыр арнап, -

Амантай да келіп қапты-ау елуге

cap
желетін сәйгүліктей сыландап,

Қалай ғана көтермейін шашпауын

Алакөлден ұшқан
ұлдың шығандап.

Сирегірек көрініп жүр бізге тек,

әр төбенің басынан бір қынандап.

Бір жақсының мандайына бұйырып,

бір жақсының тандайында тұрар бақ!

Ұялыдан ұзап ұшқан ұл ең сен,

өзгелерден оқшауырақ тұр еңсең,

Сайлап алған сайдың тасы сияқты

айналаңда асыл досың жүр еңшең.

Мен айтсам...

       Өскенімді айтып ем, толғанымды,

Көшкенімді
айтып ем, қонғанымды,

Айтып едім
бір ғана әулет емес,

Әлеуметтің
тірегі болғарымды.

Бала жастан көшімді оңға бұрдым,

Кідіре де
қоймадым жолға бір күн,

Бағын ашып
бердім мен құрығанда

Тірі
жүрген қазіргі он дарынның.

Жалғастырып біресе шерге мұңды,

Жанғанымды
айтып ем, сөнгенімді.

Айтып едім, жөн
білер Ерге қымбат,

Елге бұлдап көрмеген еңбегімді.

Еліктемей үніне күнбатыстың,

Ұмытпа

     Ахмет Кендірбекұлына

    Араласпай, былғанышқа, былыққа,

Атың жүзіп келе жатыр тұнықта.

Ұнайтындар
бар өмірде, қарағым,

Сынайтындар барлығын да ұмытпа!

Айналарсың ұлыға
да ұлыққа,

Бара көрме баянсыздау қылыққа.

Қыран бүркіт қанша биік ұшқанмен,

Көксеңгірге бір қонарын ұмытпа!

Құрығынды
жалғай жүріп сырыққа,

Келіп қалар қылшылдаған кырық та.

Бой керегін, той керегін білеміз,

Бәрінен де ой керегін ұмытпа!

Арғымағың жүзе
берсін тұнықта,

Страницы