ВЕРНУТЬСЯ

Қараңғыға шақырсаң да мені сен

      Қараңғыға шақырсаң да мені сен -

танды бірге атырсаң да,

талқан беріп қатырсаң да келісем.

Қараңғы үйге қаматсаң да мені сен -

қара нанға қаратсаң да,

қандалаға талатсаң да келісем.

Алдасаң да, арбасаң да мені сен,

танды таңға жалғасаң да,

қыр соңымнан қалмасаң да келісем.

Әзәзіл боп азғырсаң да мені сен -

жазықсыздан жазғырсаң да,

аздырсаң да, тоздырсаңда келісем.

Ал бірақ:

"Мен де
серттен айнығам", - деп,

басыбайлы бай қылам деп,

хақ жолынан тайдырам деп ойласаң;

Байеке Қадіржановтың рухына

      Алакөл жағасындагы жұрт көп баратын
демалыс орындарының бірі -
"Жалын " - осы елдің қадірлі азаматы Байеке Қадіржанов
атымен аталады. Ақ айдын Алакөлге сұғына кіріп жатқан сол демалыс орнының ашылу рәсіміне марқұмның бала-шаға, дос-жарандарымен бірге мен де қатысып едім.

     Байеке Қадіржанов - қадірлі аға,

бай едің санаға да, сабырға да,

Айдыңды Алакөлдің жағасына

Келдіңіз қайта оралып, дабыл қаға.

Баяғы сол еліңіз, со көліңіз,

азырақ аялдаңыз, бөгеліңіз,

Болатын
жан саясы бір саяжай

He десек те...

       He
десек те...

ұлы той - көппен көрген,

оралман да емес ем шеттен келген,

ес білгелі осынау елмен бірге

өткелдерден өтіппіз, көк белдерден.

Айтқаныма айнала сендірдім де,

көресімді ел-жұртпен
көрдім бірге,

мол еді деп менің де алдан дәмем,

армандап ем жетсем деп,... сол бір күнге!

Туа сала түгендеп бұлақ әнін,

түгел бердім туысқан сұрағанын.

Күлген күннің бәрі де жүр есімде,

жылағаным есте жоқ, құлағаным...

Қанша құқай
көрсе де ұлы тұлғам,

Ғабит аға

        Қалпында бірде кердең, бірде менмен,

Ұқсамай
өзгелерге күнде көрген

Қайда да
биігірек тұрушы едің

Айнала
биікпіз деп жүрген елден.

Құйылып
көмекейден дара тілді ән,

Кісі едің.

Кісіліктен
жаратылған,

Ерлік - от
алдында да Сен жүріп ең,

Зеңбірек
аузында да әр атылған.

Ұқтырып ұлтыңа тән ерлік барын,

Бұққанда ұлық біткен, сен бұқпадың,

Өт-жалын
өзегіңнен өрт шығара,

Ішіңе жия
келіп шер ғып бәрін,

Бұйырып
мандайыңа үздік бақыт,

Евгений Евтушенкодан төрт өлең

     1

     Жақпай-ақ қойдым осы елге,

Жаласы қалмай жаппайтын,

Көсем бе, көбік-шешен бе,

Бірі жоқ мені мақтайтын.

Жауым да қанша жүр мәлім,

Түнере түсіп, түртінген.

Сазара қарап тұрғанын

Сезіп те қоям сыртыммен.

Қасқая қарап өтем кеп,

He
істер олар шынында,

Дос-дұшпан
күлген екен деп,

Қисая қоймас қылым да.

Ырылдассын да жатсын деп

Өтемін әрі мен өктем.

Шаңымды біраз қақсын деп,

Шамына тием кенеттен.

Әйтсе де, азып аз күнде,

Әлсіреп, әрең алам дем,

Страницы