ВЕРНУТЬСЯ

       Бұл неткен күн
болды өзі,

Бұл неткен күн,

Аяқ асты демігіп,күлбеттендің,

Арамызға сызат боп
түскен жіпті

Шешілместей
біржола күрмеп бердің.

Күн болды ғой біз
үшін бұл бір ауыр,

Жайма-шуақ
көңілде тұрды дауыл.

Біле де алмай дал болып қала бердім,

Кімді
ағайын дерімді,кімді бауыр!

Құдай ісі
-күлдің не,жыладың не,

Енді жүре
алмаспыз сірә, бірге.

He сен болып, құдай-ау,
не мен болып,

Таба
алмадық бір амал мына күнге!...

Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде,

Сен енді
сала берме сергелдеңге.

Ешкім жоқ
екеумізді аңдып тұрған,

Бірдеңе
дерміз, тіпті, көргендерге...

Қашасың ананы айтып, мынаны айтып,

Барады-ау
сол қылығың ұнамай түк...

Апыр-ау, сені көрмей тұрғанда мен

Жүргенмін
бұл өмірде, жүдә қайтып!!

Білмедім азабың ба, мазағың ба,

Батырып
қойдың мені таза мұңға.

Қалқам-ай, қарап тұрып қашқақтарлық,

Кімің бар
менен жақсы қазағыңда?!

Салардай келеке мен келемежке,

Кімің бар
қадірліден менен өзге.

Еркек боп
есіріктің оңбасын да,

Білемін
қонбасын да бедел өзге!

Әрі өтем
ауылыңнан Алакөлге,

Бері өтем - жол
тостырып тамам елге.

Сыныққа сылтау
іздеп,қашқалақтап

Мені сен
сергелдеңге сала берме!