ВЕРНУТЬСЯ

     Өзімді-өзім қорғадым,

Өзімді-өзім қолдадым,

Ыстыққа да
күйгенмін,

Суыққа да тоңғанмын.

Отқа салса
-

Мақтадым,

Суға салса
- батпадым,

Өзімді-өзім
кінәлап,

Өзімді-өзім ақтадым.

Ерлігі ме жеке ердің,

Өткізбедім
бекер күн,

Төмендетіп
өзімді,

Өзімді-өзім
көтердім.

Көтерілдім, көктедім,

Жетіп
жүрдім.

Жетпедім,

Арызым жоқ
ешкімге,

Қарызым да
жоқ менің.

Тоймадым ба, тойдым ба,

Көп
жүгірдім ой-қырға,

Өте кеткен
ешкімнің

Борышы жоқ
мойнымда.

Сондықтан да

0, көкем,

сойдың бірі боп өтем, -

Ата-анамнан басқаға

Берешегім жоқ екен!..

Қашан да

Бір жақсы
орын тиіп төрден,

Қарадым
кісі бойы биіктерден,

Туғалы
дойырдан да,

Сойылдан
да

Кезім жоқ
айылымды жиып көрген.

Кезім жоқ күйбендеген,

Сүйреңдеген,

Жерім жоқ
жексұрыннан жиренбеген.

(Ешкімнен именбеген ғазиз басты

не шығар көрінгенге игенде мен!)

Алдында көрінгеннің қалбырақтап,

Көрмедім
ханды мақтап, сандырақтап,

Қаншама
пәледен де,

Жаладан
да,

Ақ сөйлеп,

Өзімді-өзім
алдым ақтап.

Ағайын әр сөзімді
мыңға балап

Оқысын,

Оқымасын -

Жүр
бағалап.

Даңқыңда,

Даңғазаңда,

Қарап тұрсам,

Түсетін төбе екен
ғой сырғанап-ақ!..

Ит жоқ
жерде -

Шошқа да
үріп қораға,

Би жоқ
жерде

Құл жүреді
жораға, -

Керуен
біткен кері айналған тұста бұл

Андып тұрып,

Алға
түспей бола ма?!

Қорлана кеп нала,

Жала,

Құсаңда,

Қыстығып
ең,

Қанатың
жоқ ұшарға,

Көз
жасынды көрді, білем, жасаған,

Тілеуінді
берді, білем:

Қара құлдай

Қайтып
алған тендігін,

Елден озып
шыға келдің сен бүгін,

Қас-қағымда
жиғандайсың есінді,

Болам дегі
те қиналмайсың... енді кім.

Төрағасы боласың ба Кеңестің,

Беттен
қағып,

Бедірейер
жоқ ешкім.

Тіл табысып

Күлгендермен
кешегі,

Талтаң
басып жүргендермен теңестің.

Қыстырылып босағаға,

Төр тимей.

Серпілмей
де келіп едің, желпінбей,

Екпініңмен
елді ықтырып

Әп-сәтте,

Тидің
келіп түнгі дала өртіндей!

Енді ешкімнен қоймассың да имене,

Берді құдай

Кер бұғыдай кимеле,

Аласың ба,

Саласың ба
- өзің біл, -

Түйедейді
айырбастап түймеге!

Түгел жұмсап
алпыс екі айланы,

Айырылма
азуыңнан пайдалы.

Қораға да үр,

Жораға жүр
-

Өзің біл,

Керуен
қайта айналғанша қайда әлі!

Барарың, бармасынды қалта біліп,

Жатқаны
той да тарқап,

Тарқап
үміт,

Қастандық
-

Күле қарап
қалады ол да,

Кезігіп қара
жолда сан тағылық.

Түтігіп, сен дегенде түсі қашып,

Жатады ұрдажықтар ұшырасып,

Олжалы
орыннан да құр қаласың,

Обырдан тұрмағасын күшің асып...

Білмеген кімге барып ұрынарын,

Қаншама
кезігеді ұры-қарың,

Оған да құн төлейсің,

Діңкелейсің

Сүлдерің
сүйретіле, құрып әлің!..

Жүрегің шайлыққанда барлығынан

Қорқау да
қос көрініп таңғы ұлыған,

Басқан із,
қашқан ізің шыр айналып,

Тірейді
жарға апарып -

Алды
күмән!

Қанынды қайнап тұрған
қан-жылым ғып,

Сау етіп
шыға келер сан зұлымдық,

Амалсыз
айлалыға тізгін беріп,

Аз күндік
пайданы да қаржы қылдық!

Баяғыбақ
пен дәулет тұнған абат,

Еліңді,
жерінді де құл қанамақ,

Барарың,

Бармасынды
қалта біліп,

Қалдық па қайырымсыз пұлға қарап!

Итке де қалай ғана: "Үрме!" - дейсің,

Жабасың
кімнің аузын, бүрмелейсің,

Көмейін
тығындар ең,

"мығымдар" ең,

Түгің жоқ
тілден басқа, тұл кедейсің!

Түңілу,

Торығу ма,

Жүгініс
пе,

Жарамай
тілің түгіл,

Ділің
іске,

Айта алмай
атынды да,

"датынды" да

Қалың ой
қалып жатыр бұғып іште!

Дерсің-ау: "Ел кезіне толымды ер ек,"

Жатқан да
кім бар бірақ онынды елеп.

Ет-жақын ағайынның өзіне де

Бұл күнде
жолың емес, қолың керек!

Атар ма деп те бір таң арайлы әппақ,

Жүргенің
тәтті үмітке қарайлап қап,

Жоймақсың
көбік ауыз көпті қалай,

Қоймақсың
ел аузына қалай қақпақ?

Қайда да қадірінді білер ерсің,

"Қой!" - депте

Кімге
барып тіленерсің,

Қайтесің
"ceміздep" сөйлеп
қалсын,

иттер де

үрем десе -

үре берсін!

Көтеріліп ұша да
алмай көкке бір,

Ертең
деумен,

Өртенбеумен
өтті өмір,

Айналамның
бәрі ығысқан айбын да,

Баяғыдай
алып-ұшқан жоқ көңіл.

Жарық беріп тұрсам
дейтін бар маңға,

Азайыпты алқыныс та,

Арман да,

Көк тіреген кеудем қайда деймін де,

Қарай
берем қатыгездеу жалғанға!...

Ірі де емес еді елден денем,

Жерім де
жоқ кергіген, кердеңдеген,

Қалайша
қыр көрсетіп шыға келді

Келімсек
көкесіне сенген немең?!

Алды ма аяқ асты тауып тірек,

Албытып,

Ағайынға
жауықты кеп.

Тегінде ісіне емес,

Дәл осылай

Кісіге
сенетіңдер қауіптірек!

Бір басымның мұңы
емес торығарым,

Елдің қамы
еді ғой қорымағым,

Жамау
болсам деуші едім жыртығына

Жөні мәлім
жұртымның, соры қалың.

Құрбан
етіп жолына ұятты ардың,

Халқым
деумен қар кешкен сияқтандым,

Қаламын
деп астында кім ойлаған

Қарадүлей,
көрсоқыр тұяқтардың.

Қарадүлей,

Тындасын,

Тұяқ
кімді, -

Басымды
бір көтертпей ұят қылды,

Қанша
мазақ етерін білмейді ешкім,

Барша
қазақ намысы сияқты ұлды!

Қарадүлей астында бүгілем бе,

Үгілем бе
біржола,

Түңілем
бе,

Қорғай
алмай отырып өз басымды,

Қайтіп
қорған болмақпын мұғым елге!