ВЕРНУТЬСЯ

         Мен жазбаймын өлеңді
ермек үиіін.

        Абай

       Иншалла,

(көре тұра
көрмегенді),

жазбадым ермек үшін мен де өлеңді,

зәуде бір ел атынан сөз алдым ба, -

... дүние көз алдымда дөңгеленді.

Дүние дөңгеленіп көз алдымда,

қолымды қиыры жоқ созам қырға, -

халқымды ренжітіп алмайын деп,

астында қалмайын деп тозаңның да;

тілдесіп көк тәңірі, кемеңгермен,

тұрамын
биігірек төменгі елден.

Келемін таза сақтап өз бойымды,

қыл-қыбыр, қыбыр-жыбыр дегендерден!

Болса да соңы зілді, басы мәнді,

бос сөзге барған жоқпын шашыранды.

Көз қылып қасымдағы қатыныма,

астарлап жырламадым ашынамды.

Көненің көкейдегі
ұрлап әнін,

көлгірсіп көсемді
де жырламадым,

өтірік күле алмадым күн үшін де,

жүр-ау деп жыр ішінде кіл ғана мұң

Айырып қауызынан дәнді бәлек,

алдымен татып көрдім дәмді ме деп.

Ертегі маңызын да, аңызын да

жыр ете қойған
жоқпын әңгімелеп.

Осы деп бұйырғаны
талайыма,

алтынды айырбастап қалайыға,

ағайын күңкілін де өлеңімнің

жолатып көрген
жоқпын маңайына!...

Қайсы бір

ережелі ойынға
тән,

Қолыма алмасам да
сойыл, бақан,

өлеңді ермек үшін
жазбадым деп,

айнала ақыры бір мойындатам!...

20 ақпан, 2006 жыл