ВЕРНУТЬСЯ

        Арман-қиял, не жең мені, не жеңдір,

Арғы бетте
арбау барын сезем бір.

Керуен біткен
кері айналып лезде,

Ақсақ түйе алға түскен кезең бұл.

Амалың жоқ, енді билік соларда:

Салдыр-гүлдір сазы бөлек қол арба.

Ақсақ түйе аяқтыға
жол бермей,

Тұлпарды
да түсірмей тұр ол алға.

Қисық арба қисалаңдап түсті алға,

Енді күн
жоқ досыңа да, дұшпанға,

Кімнің
көзін оям дейсің кіжініп,

Қайда бара
қоям дейсің ұшқанда!

Көк желкеңнен жаныштайды жат салмақ,

Ей,
ағайын, дабылыңды қақсаң -
қақ!

Ақсақ түйе бара жатыр ақсаңдап,

Сен
қарайсың екі көзің ақшаңдап!

Кілт бұрылып
кете де алмай сен дербес,

Көп қазақтың
бірі болдың керуенге еш.

Енді кімге
өкпелейін, құдай-ау,

Ақсақ түйе көпке
дейін жол бермес!

Кемелдігі,
кеңдігі

Алыс-жақын
ағайынға белгілі,

Айта алатын ел
ішінің ау-жайын

Жалғыз ақын мен
шығармын ендігі.

Туысқанға не керегін,не керек,

Мен
айтпасам,кім айтады шегелеп.

Ұлықтың сөз ұқпайтынын
білсек те,

Есті бірі
ойланар ма деген ек.

Хан қызығып қарағандай, бай күндеп,

Ақындар
ек,арыстандай айбынды ек.

Қынабынан
суырылған қылыштай

Өлең жазу
болды қашан жай міндет?!

Халқым дейтін,
Хақ жолының құрбаны

Қайда
бүгін сол ақындар жұрнағы?

Өтірікке еті
үйреніп бірінің,

Бірі - жоқты көки
беріп... тұрғаны!

Таңдайларын
тақылдатып тәтті уыт,

Кетті бірі мансап
іздеп, бақ қуып.

Шаңырағы шайқалды да шындықтың,

Күліп қана ,сынып бара жатты уық!...

Ұмытты ма
ғұрыпты да, халықты,

Ондайлардың
сөзі кімге дарыпты.

Біреулері
бата беріп бақсыға,

Енді бірі
жата беріп жалықты.

Опырыла он бөлініп ой күнде

Дегбір
қалмай дедектеймін кейбірде.

Осыларды айту үшін жаралған

Жалғыз
ақын мен шығармын деймін де.