ВЕРНУТЬСЯ

      Тағы да кеңге салып арқамызды,

қағып бір көрсек деп ек қалтаңызды, -

Жүргенше ербиіп құр, сергиікбір,

Нұреке,
үлестірші картаңызды.

Біз емес кері кетер кермиық шал,

барынды алдымызға енді үйіп сал.

Тағы да аңқылдасып,
жарқылдасып,

карта ойнап, қауқылдасып, сергиік сәл.

Айтып қой Әдияңа - аяласын,

бізден де, бары болса, аямасын.

"Бұлар
да қара сөздің бұлағы, - де,
-

үзбей кеп тұрады,
- де, - ай арасын"..

Азамат арасында сенімі асқан,

бәріміз жақсы көрдік сені бастан.

Тұрады
жиі-жиі келгіміз кеп,

дәметкен әйелдердей жерік астан.

Алпамыс бабасындай әлі мықты, -

кеудесі кең даладай далиыпты, -

Айтып қой Мамадияр ініңізге,

қойсын да ұта
бермей Қалиевты.

Ентігін бассын біраз, солықтасын,

ешкімнен
біз тұрғанда қорықпасын.

Ежелгі сырлас едік, құрдас едік,

айтып қой, енді бізді көп ұтпасын!

Нұреке,
кеңге салып арқаңызды,

бар болса - сойып таста марқаңызды.

Көрейік ұтылсақ
та, тұтылсақ та,

үлестір, не де болса, картаңызды!...

2005 жыл