ВЕРНУТЬСЯ

«Түмеке айтқаныңның ұшығы жоқ...»

Бірде от тілді, орақ ауыз, айтқыр Жұбаев Құлшық: «Түмеке, сіз айтты деген сөзді көп естиміз, қыран-топан күлеміз де қоямыз. Бірақ Түмекең «солай деген екен» деп көңіліне ауыр алып жүрген бір адамды кездесітірмедім, айтқаныңыздың ұшығы жоқ-ау» дегенде Түмекең:Көзбен керген кемістіӨлең сөзбен айтамын.Мақтаменен бауыздап,Қағып түсем шайтанын.Айтарымды алдыменТоруылдап байқадымДей алмаймын әринеБұл ғұмырда шайқадым.Тәубесіне келтірдімЕркектің де сайқалынСен де сөздің иесіЖарының жыры – ҚұлшықсыңШай ішіп кет,түстеніп,Қалайша бұл Құлшык би,Қуыс үйден құр шықсын.?!

Біз адай деген ел едік...

Жетімдер келсе жылаған,Емізген емшек ел едік.Жесірлер келсе зәбірлі,Маңдайдан сипан жебедік.Аш-арық келсе алыстанҚарттарымыз қайырлы,Шалдарымыз зайырлыПейілге де кең едік.Жалшылар келсе жалданған.Артық беріп ақысын,Еңбектерін жемедік.Ханды өлірген қашқынға«Қағазың бар ма жаныңда,Қайдан жүрсің?» – демедік.Бар айыбымыз бастағыОқу-білім, өнердіҮйренуден кем едік.Жарылқаған кең Алла,Атағы бар, даңқы бар,Біз, Адай деген ел едік.

«Жеделдес жеңгем Бөпішжан...»

Түмекеңнің бір Бөпіш деген жеңгесі болған екен. Күйеуден ертерек қалыпты. Бөпіштің де «әркімдермен жүреді» деген жаман атағы шығады. Ол Түмекеңе жеңге болғанымен жас шамасы көп кіші екен. Бірде ол Түмекеңе ойда жоқта оңашада кездесіп қалады. Түмекең: «Әй, жеңгей, әртүрлі әжептәуір әңгіме естиміз, ойын-күлкісі құрығырды алақандай ауыл ішінде, бетке шыққан сүйелдей болмай-ақ қоя қойсаң болмай ма?» – дейді. Сонда Бөпіш айылын жимастан: «Әй, қайным-ау, өзің басыңды бір көтермейсің, мені біреуден қызғанып қайтесің?

«Картожник» балдарға

            Бірін-бірі өтірік құрметтейтінОтырыссыз күні жоқ бірге өтпейтін.Есіл-дерті бір-бірін ұтып алу,Бар болғырлар күні жоқ құр кетпейтін.Бар айлығын «қан сиіп» ұттырады,Қатын-бала үйде отыр үргектейтін.«Жиырма бір» деп, «мөшкі» деп құржың қағыпШілде-жазда осылар дірдектейтінБоқтасады қаралық жасай қойып,Шалдар да жоқ «қойыңдар, тұр кет» дейтін.

«Кенже келін»

Соғыс аяқталып, елдің еңсесі көтеріле бастаған кез. Сәттіғұл мен Түмен көбінесе бір жүреді. Реті келіп жатса ағыл-тегіл жырлаудан да жаңылмайды. Бірде Мұңалдың белгілі азаматы, әрі сөзге би, өзі де жауапты қызметтердің басын ұстап жүрген Бәшен Есенжановтың үйі соғымға семіз бір қара атты жаратты деген хабар екі ақынның құлағына тиіп, Бәшеннің бар-жоғына қарамай үйіне түстенуге келіседі. Жалпы «Бәшен ауылда жоқ-ау деген де» сыбыс естиді. Бірак неде болса деп, Бәшендікіне келеді.

Страницы