ВЕРНУТЬСЯ

Жетімдер келсе жылаған,Емізген емшек ел едік.Жесірлер келсе зәбірлі,Маңдайдан сипан жебедік.Аш-арық келсе алыстанҚарттарымыз қайырлы,Шалдарымыз зайырлыПейілге де кең едік.Жалшылар келсе жалданған.Артық беріп ақысын,Еңбектерін жемедік.Ханды өлірген қашқынға«Қағазың бар ма жаныңда,Қайдан жүрсің?» – демедік.Бар айыбымыз бастағыОқу-білім, өнердіҮйренуден кем едік.Жарылқаған кең Алла,Атағы бар, даңқы бар,Біз, Адай деген ел едік.