ВЕРНУТЬСЯ

Түмекең 25-26 жастардағы шамасында Бесқала жакқа «қалашы» болып керуенмен бірге бара жатқанда Үстірт үстінде отырған бір байдың ауылына келіп аялдайды. Сұраса келгенде бұл ауылдың адамдары Түмекеңді сырттай білетін болып шығады. Түскен үйінің иесі Түмекеңе нағашылығы да болып әзіл-қалжыңдары жарасып кетеді. Бұл төрт түлік малы мыңғырған адам екен.Тоқалды жұмсап, түйенің жарты етіндей болып сылқылдай күліп отырған байдың бәйбішесі: «Әй, жиен, нағыз шығарушы ақын болсаң мені әрі мақтай, әрі жамандашы, әуселеңді көрелік» – дейді. «Ойбай, асығыс жол жүріп бара жатырмыз, онда ұзаққа шабамыз ғой» – деп Түмекең ыңғай білдіре қоймайды. Еріккен қатын: «Ең болмаса бір-екі ауыз айтшы»– деп жібермейді. Байы да «Сенде сөз жетеді екен, айта ғой» – дейді. Сонда Түмекең ойланбастан:Тұла бойың толған май іркілдеген,Шелектей балтыр етің күлтілдеген.Бұғағың салбыраңқы, сиыр емшек,Сөйлесе желдей есіп іркілмеген.Апырай шай ішпей-ақ тойып болдық,Күмістей сыңғырлаған күлкіңменен.Бет жағың шар табақтай көрінедіБір қатын екенсің сен күмпілдеген.Бұт жағың семіздіктен талтақ екен,Құйрығың тас астаудай жалпақ екенКең жазық кеуде жағың шалқақ екенТау болып төңкерілген қарның қандайІшіне көлдің суын қандырғандайҚасыңда бала құсап байың отырОл өзін жар астында қалдырғандай, –деп төкпекте жөнелгенде, бәйбіше екі көзі шатынап, «тоқтат» деп, үйелеген түйедей қол-аяғын сермелеп, орнынан ұшып тұрады. Сонда байы: «Жаңа ғана өзің емес пе, әуелі жамандап, сосын мақта деген» –дейді. Бәйбіше ашуын басып: «Ал, мақташы»–деп сабасына түседі. Түмекең енді майын тамызып мақтай жөнеледі:Жеңгесін сұлулығың елден асқан,Қиыр шет, жердің түбі белден асқанТөсіңде қос балапан бүлк-бүлк етіп,Бүрмелі етек көйлегің кең жарасқанБір үйді күлкіңменен толтырасыңКамзолың көркем екен өрнегі асқан.Қырықта қыз мүсінің бұзылмағанӨзіңе жетер жан жоқ керме қастанКүн шығып тұрады екен қабағыңнан,Бес бала төгіліпті балағыңнанКезің жоқ еш көңілді жара қылғанСен өзің қыр басында қызыл гүлсіңӘлі де үзілмеген сабағынан.Жайылды алты Алашқа дархандығың,Татпаған бір жан бар ма айта қойшы,Дәм толы алтын зерең, табағыңнанКереге басынан бір бас кетпейдіКез де жоқ бөтен жұртқа таба қылған.Құрмалап құдай қосқан байың жақсыШықпайтын сенің жылы қабағыңнан, –деп Түмекең біраз мақтағанда бәйбіше қатын: «Мал сойылсын, мол дастархан жасаң, керуен кідіртілсін» деп Түмекеңе шапан жауып, астына таңдаулы бір ат мінгізген екен.