ВЕРНУТЬСЯ

«Манғышлакуголь» саудамен жабдықтау бөлімі көмір тресінің бастығы Қыдырбай Сұлтангелдиев пен №6 шахтадағы смена мастері Қыдырғожа Аманғалиевтер Ұлы Отан соғысы кезінде шахтерлар еңбегін ұйымдастыруда айрықша көзге түсіп, сол кездегі Бүкілодақтық социалистік жарыс жеңімпаздарының туын жеңіп алады. Осыған орай Түмекең өлең шығарып, мадақтаған екен:Ал, азамат жолдастарСыртымызда сыншы тұр,Көзқарасы шым-шытыр.Қарқынымыз азайсаБетімізді ұят шымшылар.Қазірігі жағдай киын депАйтқан сөзі түйіндепБасшылардың шын шығар.Түзететін кемістіБұл өзара сын шығар.Қара жердің қарынынҚараңғыда қақ жарыпКүмістей жақсы көмірдіАлуға біздей кім шығар?Шахтерлердің еңбегіҚиын-қыстау кезеңдіАнық болды жеңгені –Құрметтеліп жатыр ғойЕкпінділер ерледі.Жер үйлер де жып-жылыШахталарды жағадайҚақ басынан салдырған.Керекті затын кідірітпейМәскеуден сұрап алдырған.Қызыл шай бар хош иісШөлімізді қандырған.Қолымызды малғыздыСары майға малдырғанШытырма шыт, атласАйына көйлек кигізгенОннан үлес тигізген,Қыдырқожа, Қыдырбай,Жұмысты жақсы жүргізген.Таймаңдар осы қарқыннан,Қазіргі кезде ОтанғаКөмір қымбат алтыннан..!1944 жыл.