ВЕРНУТЬСЯ

Ортасында көп болдым,Астана байтақ халқымның.Мереке-сауық тойлаған,Көп жиналған алқаның.Аға мен жеңге, інінің,Алдында талай шалқыдым.Көрмеген жерді көрсем деп,Қанатты жазып талпындым.Ұйымдасып біріккен,Талайын көрдім шаршының.Сіздерге айтып берейін,Шығарған сөздің алтынын.Ауыр болса қиналмаң.Алып тастаң артығын.Атағына ел риза,Біздің шалдың атыныңКейбіреуге «айт» десең,Босқа берер мақтанып,Кептіреді алқымын.Кейбіреуге «айт» десең,Орынсыз өзін бұлдайдыКөп қолқалап қалайық,Жақтырмайды ондайдыҚай бағытта жүргенінСыртынан бағып сындайдыЖорға деген жүйріктің,Жақсының айтқан сөздерінСүйсініп халқы тыңдайды.Көп қорғалап шет болмаБілетін болсаң ыңғайды.Тәуір етіп сөз айтсаңШыкқаныңша құмарданТыңдаудан халық тынбайды.Жақсыға жастан ергеннен,Өнерін көпке бергенненҚуана қарсы алады,Ортасында келгенненӨкпелейді ағайын,Өтіп кетсең деңгейден.Шаршамайды шалдығып,Көпті билеп меңгерген.Алғыс алған азбайды.Халқына барын бсргеннен.Қарғыс алған жігіттіңБолады жолы сергелдең.Азамат болар жігіттіңЕтек-жеңі кең келген.Тайпалған жүйрік жорғаның,Төрт аяғы тең келген.Қошқар болар қозының,Маңдай жағы дөң келген.Маңғыстаудың елінің,Ұлан-байтақ жерініңХалқына сыйлы атанған,Бабалардан бата алғанТүмен деген біз едік,Өлең-жырды меңгерген...