ВЕРНУТЬСЯ

Бірде Түмекең үйі «Төбеқұдық-Шытша» жағынд отырғанда Таушық маңын жайлаған қожантай Қонарбай деген ағайын шалдың үйіне қоныпты. Қонарбайдың бір шауа мал-күйі бар шаруа адам еді. Кемпірі Ибалы аққұба жүзді, бір аяғын ақсап басатын кісі еді. Ибалы Түмекеңе мал сойып немесе қазан көтермеген көрінеді. Нан-шай, көже-көпірмен жатқызады. Ертеңіне Қонарбайдың үйінен шығып келе жатса бір танысы кездесіп: «Түмеке қабағың салыңқы ғой, кімдікіне түнеп шықтың?» – дейді. Сонда Түмекең:Қонекемнің үйіндеӘдемі жеңгем Ибалы.Озалдан дәулет жиғаны,Сары таба нан, қызыл шайІшімде кетті сыйғаны.Сондай «мырза» жеңешемҚайнысына бір кесек.Ет асуға қимады.Ішек-қарным шылдырлап,Түніменен қинады.– деген екен.