ВЕРНУТЬСЯ

Жазықсыз жазықты болып сотталып, бірақ «ақтың отын ақымақ сөндірмейді» дегендей түрмеден ерте босанып елге қайтқан соң да Түмен замана дәуірін, партия мен үкімет саясатын азды-көпті жырға қосып отырған. Бірақ шартты жазамен жүрген соң азаматтық дауысы алынып, сайлауға және сайлануға құқы болмайды. Бірде Түмекең Таушықтан арғы Ақ жолдың үстіндегі «Орман қара» жерінде отырып, Таушыққа келеді. Келсе ертеңгі күні сайлау болайын деп, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Әмір Бақыраев Республика Жоғарғы Кеңесіне депутатыққа кандидат болып жатады. Түмекең Маңғыстау көмір тіресінің №7 шахтасындағы №3 сайлау учаскесіне соғады. Мұнда келсе көрнекті жерлерге партия көсемдерімен қатар КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидаттар Иманғазиев Штатбай мен Балғаным Доспаева сияқты қарапайым еңбек адамдарының өмірбаяндары суретімен қоса ілінген екен. Балғаным Гурьев облысының Байшонас мұнай өндірісі кәсіпшілігінде мұнайшы әйелдер учаскесінің аға мастері де, Штатбай осы облыстың «Передовик» колхозының басқарма төрағасы.Бүкіл ел сыйлайтын Түмекең келген соң, учаскедегілер құрметпен қарсы алып, әңгіме-дүкен құрады ғой. Көкірегіне өлең-жыр құйылып тұратын Түмекең сол жерде төмендегіше ағылтып-ақ кетеді:Сайлаушы, сайком жолдастарБасыңды қосып бәрің деОтырсыңыз жиналып.Шақырғанда шаршамаңЖандарыңыз қиналып.Жабық дауыс жасырынЖалпы тұрсын сыйланып.Бұрынғыдай болмайдыБүгінде бөтен сый халық.Жаксарып жағдай және тұрІші түтін, сырты күнКірлеген киіз үй қалып.Атқа мінген алпауызАрам безді би қалып.«Жарлы жаман, бай жақсы»Деген жағдай күй қалып.Социалистік дәуірдіңТегісшілдік теңдігінМерекелеп сыйлалық.Бәріңді бірдей еткізгенСалтанатты сайлауғаҚолдарыңды жеткізгенПартия басшы-көсемгеЖасасын деп жалпы күнЕліңе ырза ибалық.Бұрынғы жерде бұл халықБытырап жүрді шашылып.Кентті жұрттың кез келгенАяғына басылып.Тентектерін тыймадыШашылғанын жыймадыБар тапқаны бай мен би            Қарны жуан, қалталы            Кулак пен қуды сыйлады.            Ол күндегі заманда            Бай баласы болмаса            Қара түгіл қатарды            Көрсетуге көзі қимады.            Ондай емес осы күн,            Көсемдерді көрсеңіз            Ай менен күндей әмбеге            Қарап тұр қарсы беттері            Жарығы түсіп жалпыға            Жанған жарық «электрі»            Кім-кімге де белгілі.Тамырынан таза екенБақырайұлы ӘмірдіңАрғы ата-тектері.Туған жерін сұрасаңНовобогат жері екенӨскен жері ГурьевЖұмсаған соң партияЖақсарту үшін жағдайдыМаңғыстауға басшы бопБес жылдай болды келгелі.Активтері ауданныңТегісінен тілектесҚазақстан халқыныңБіз едік қиыр шет жері... –деп Түмекең біраз шалқиды. Біраздан соң Түмекең қонаға бір үйге кетеді де, ертесінс аудан орталығы болып есептелетін «Соцгородокқа» келеді. Түмекең ойында бөтен ештеңе жоқ, аудандық ішкі істер бөлімінің кеңсесі жанынан өтіп бара жатса, бір милицинонер алдынан шығады.– Ассалаумағалайкум, Түмеке!– Әликісалам, Төребайжан аман ба?– Шүкір-ақ... Ал Түмеке бір жайсыздау хабар болып тұрғаны.– Е, ол немене, тыныштык па?– Жалпы тыныштық қой. Сізді бөлім бастығы іздетіп жатыр еді. Енді сол кісіге жолығып шығалық.– Не үшін?– Кеше сіз №7 шахтадағы сайлау учаскесіне барып, «үкімет саясатына қарсы өлең шығарды» деп әлдекім арыз түсірген сияқты. Бірақ ештеңе етпес абыржымаңыз.– Арызданған кім екен?– Түмеке, оны енді бастық айтпаса, біз көп сыр шаша бермейміз ғой.Есімі бүкіл маңғыстаулықтарға жақсы таныс, алғаны алғыс Сарманов Төребай Түмекеңді бастыққа ертіп алып келді.Амандасқан соң бастық сабырлы түрде Түмекеңе жағдайды айтты. Әлден уақытта ол: «Түмеке сол шығарған сөзіңізді айтып көріңізші» деп мұқият тыңдады. Мұнда партия мен үкіметке қарсы саяси астарлы сөз де, теріс пікір де жоқ болып шықты. Бұдан соң бөлім бастығы:– Түмеке, Сіз ғой даусы алынған адамсыз, мойныңызда шартты түрде болса да жылыңыз кесулі. Ондай қоғамдық көпшілік орындарына баруға болмайтынын білмедіңіз бе?– Ойбай қарағым, тіпті бөтен ойым жоқ, көпшілік бәрі танитын адам болған соң бара қалғаным рас еді...– Арыз жазған адам дәлелді, нақты ештеңе айта алмаған. Ол тағы да жоғарыға жазуы ықтимал. Сондықтан сіз мына Төкеңмен бірге аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Бақыраев жолдастың алдынан өтіп, шын жағдайды айтқаныңыз дұрыс. Және ол, кісі халық сайлаған депутат.Түмекең мен Төребай екеуі аудандық партия комитетіне келеді. Келгенше Төребай Түмекеңді не деп сөйлесу қажеттігін «оқытып» келеді. Келсе хатшы орнында оңаша отыр екен. Хатшы Түмекеңді кіріп келе жатқаннан-ақ орнынан ұшып тұрып, сәлемдесіп, қол алысып жылы шыраймен амандасады. Түмекең хатшыны халық қалаулысы болуымен құттықтай келіп, өз басындағы жағдайды айтады.– Ал Түмеке, сол шығарған өлеңіңізді айтып көріңізші, дегенде Түмекең өлеңдетіп:Мен ауылдан шықтым кешегіФевральдың он бесіТаушыққа келдім атпененШыққан күннің кешінеҚонайын деп қолайлыОтыр едім бір үйдеБелімді буып шешінеЖүріп жатқан сайлаудыңДүбіріне шыдамайШығып кеттім сол үйденБір нәрсе түсіп есіме.Кіріп келдім кідірмейҮшінші нөмір учаскіСайлау үйдің ішіне, –деп жіберіп, жоғарыда айтқандарын сол күйінде айна-қатесіз айтып шығады. Ақынды тыңдап болған соң Әміре:– Апырай, мына сөз нағыз халыққа керек үгіт-насихат сөздері ғой. Халыққа да, партияға да осындай аталы да баталы сөз керек қой. Әттең газетке жариялауға сұранып-ақ тұр екен, амал не...– Төребай, сен тыңдап отырсың ба?– Иә.– Олай болса сен мына Түмекеңнің сөзін сол күйінде жазып ал да, өздеріңде сақтап қойыңыздар. Мен қазір бастықтарыңа телефон соғып ескертейін.Хатшы сол бойда Түмекеңдердің көзінше телефон соғып келіскен шырай танытты.– Сіз, Түмеке, ешқандай қауіп-қатерсіз ауылға жүре беріңіз. Ал әлгі арыз жазған адамға ескертілер деп Әміре ауыр күрсініп, Түмекеңмен «әзірге» деп қоштасты. Түмекең қуанышы қойнына сыймай, жарықтық Таушықта тағы да екі-үш күн болып қалады. Соңынан білді, арыз жазып тісін қайрап жүрген өзінің баяғы көрші болатын досы – «Шайтан Әтеп» екен...1946 жыл.