ВЕРНУТЬСЯ

Дүйсенбай өлең-жырдың бәсін біліп,Жырлайсың көмейіңде асыл мүлік.Топшыңды көтересің той-думанда,Өзгеше саз-күйіңді шашу қылып.Сен жырды төгесің-ақ жазық белден,Қашаған, Сәттіғұлдан азық терген.Өзіңе жат пеп жақын сұрын салды.Дүлдүлсің қатарыңнан озып келген.Жырың бар көл-дария шарықтаған.Бұ халық тыңдаудан да жалыкпаған.Жанжігіт, Шамғұлдар болып бір жүргендеМаңғыстау тәтті сөзден тарықпаған.Дүйсенбай жырлағанда әндетесің,Әр сөзге жан бітіріп мәнді етесің.Тіл-көзден сақтай гөр деп біз тілейміз,Қажалған көне сөзді мәңгі етесің.Домбыра біздер тартсақ міңгірлейді,Шаңына тоғыз перне ілдірмейді.Дүйсенбай сен жырласаң, әнді шырқап,Жеті қабат жер асты күмбірлейді.1950 жыл.