ВЕРНУТЬСЯ

Бұл оқиға 1933-34 жылдары болған тәрізді. Сол кезде Түмекең елулерге келіп тоқтасқан жігіт ағасы кісі ексн. Бозашы түбегінен бар малы қолды болып, ортаға түсіп, күнелтіс жағдайы болмай, қазіргі Түпқараған ауданына қарасты Қаңғаның маңындағы «Ақшәуіл–Жеңсемді» жеріне көшіп келеді. Күй жағдайлары өте төмен еді.Сол «Ақшәуіл–Жеңсемді» жерінде мол бұлақ көзі болды. Сол жерге жазғытұрым Түмекеңдер егін салады, өзі күні-түні қара жұмыс жасап, тек өлмешінің күйін кешеді. Олар егін салып, ел артельге бірігіп жатқанда сол жерді бұрыннан жайлап отырған Жалғасбай деген ауқаттылау бір адам «Су да, жер де менікі, егін салдырмаймын» деп ұрыс-керіс шығарады. Жұмысқа көп кеселдік келтіреді. Сонда ренжіген Түмекең Жалғасбайға мынадай өлең шығарыпты:Қошанның ұлы ЖалғасбайЖайыңа жүрші жарқынымКөрінгенге жармаспай.«Ақшәуіл мен Жеңсемді»Жаман әдет алыпсың,Өзіңнен басқа жан баспай.Ақиқатын сұрасақ:Алпыс бірде жасы бар.Ақпалы судай шашатынАлжасты сөзден қашатынМиы жоқ құр кеуек басы бар«Серік, артель астық бермес» деп,Жасайын деп жүрген қасы бар.Жәкеңнің барсақ үйінеАқ шұбат, айран, секер-шай.Аяусыз берер асы бар.Қара жерін құдайдыңҚызғанғаны бұл қалай?Айқай-сүрең, ұр да жық,Мінезіңнің жылдамы-ай.Кеңшілікті көп көріп,Құдайдың таршаң қылғаны–ай.Сабаңа түс жарқыным,Аузыңды енді былғамай.Осы өлеңді естіген соң Жалғасбай жуасып, «Әй, Түмен сөзің бар болсын» деп кейін қайтып жүре берген екен.