ВЕРНУТЬСЯ

Таушықта руы Қырымқұл Кете деген жалғыз басты бір жарлы шал Балыш деген келінін паналап, соның үйінде жатып, жұмыс жасайды. Кете бір күні Балышқа «Атымның қамытын ұрладың» деп кінә тағады. Балыш орынсыз кінәні көңіліне қатты ауыр алып, қайнағасына:– Апырай, үйсіз-күйсіз әркімдікіне бір қонып, қаңғырып жүргеніңде жаным ашып паналатып едім, өзің ағайын, дардай қайнағамызсың. Маған «қамыт ұрладың дегенің не сөз, ол қамытты қайтушы едім, күйдірдің-ау, жазығым не?» – деп оттан көйлек киіп, ренжиді.Жазықсыз кінәлі болғанын Түмекеңе айтады. Түмекең: «Алжып жүрген болар, қайтесің енді, қуып шықпай сабыр ет, ел-жұрттан ұят болар, мен оны тәртіпке шақырып көрейін» – деп сол бойда Балыш болып өлең шығарады:Емдінің еркек-бозы жыйнағаным,Кетені кетті рия, сыйлағаным.Аллаға айтпасақ та аян шығар,Қайнаға, менен басқаға сыймағаның.Тентектің патша-көңіл көзін жабар,Тентекті не қылғаның тыймағаның.Салқындық салдары деп саналмай ма,Қоғамның қолыңдағы мүліктеріңЖасырып, күтіп ұстап жыймағаның.Адамға ауыр сөз ғой «ұры» деген,Алдың деп қамыт-қайыс қинағаның.«Жолдасқа қырық күндік сәлем» деген,Сәлемді сәл нәрсеге сатқаның баШалжиып қақ төрімде жатпадың ба?Жалтырап ала басың жатқаныңдаБүркештеп көк көрпемен жаппадым ба?Алты ай жаз бір ауыз сөз айтпай жүріп,Қайнаға, пәлеңді кетеріңде сактадың ба?«Қайнаға» дегенімді құрмет тұтып.Бір ауыз жылы сөзбен ақтадың ба?Жүрсің бе менен көріп, әлдеқалай,Кемпірің жатпаған соң қапталыңда..!