ВЕРНУТЬСЯ

1957 жылдың тамыз айы, Түмекең төсек тартып ауырып жатты. Айықпас ауыр дерт екені белгілі болған. Көңілін сұрауға келім-кетіпті адамдар көбейе бастаған шақ. Міне, осындай кезде «Сартас» елді пункті жанындағы «Шиліқұдық» жерінен атағы Маңғыстаудың үш түбегіне ғана емес, көршілес облыстар мен таяу шетелдерге мәлім, руы Бектеміс Төлегенүлы Ержан хазірет Таушықтағы Түмекеңнің көңілін сұрап, арнайы келіп кетеді. Екі ғұлама біраз мәшуарласып, бірін-бірі қимай қоштасады. Сол жылы күзде Түмекең қайтыс болғанда Ержекең қасына Қарағұл Жәнібекұлы деген молданы ертіп келіп, Түмекеңнін жаназасын шығарады. Ержекең келіп кеткенде Түмекең қиналып жатса да төмендегідей қысқаша сөз шығарған екен.Бисмиллаһи-р-рахман- рахим!Дін мұсылман жолындаТасбиғы қолындаАлла деп туған о бастанШамшырақтар тобында.Кең Алланың киеліАқ жолынан қайтпадыңЖалған сөзді айтпадың.Имандылық үшін депАзапты мол тартқаныңАлланың салған ісі депБасынды жауға имедің.Өзіңді қырып жатқандаҚарсыласып тимедің.Отқа, суға салса даБатпадың да күймедің.Бұл машаххар мұхадамАжалды талай жеңгенсің.Өзіңе кім тең келсінКең Алла сізге дем берсін.Дүние, малмен ісің жоқ,Әуелі Хаққа сыйындыңТөбесі болдың жиынның.Шапағатты нұр шашыпАузын ашып айналаСен сөйлейсің жай ғана.Жаймашуақ күлкің барОңайлықпен ашылмасКөкірек көзі – кілтің бар.Ғылым, білім тозған жоқ,Өзіңнен ешкім озған жоқ.Ғалиссалам МұхаммедЕң соңғы ұлы пайғамбарТөрт шадияр, төрт имамТөрт ғалым мен төрт шайхыДін Ислам жолындаАтағы сізге мәлім ғойСәулесін жалпақ жайғандар.Хиссасул-әнбиені деАлты мың Құран аятынСізден артық кім білген.Жасаған ием өзіңеКеңшілігін білдірген.Ажалдан хабар келген соңМен де күтіп жатырмын.Ал Ержеке аман бол,Тілегім осы – ақырғым..!                                      1957 жыл.