ВЕРНУТЬСЯ

Үлкендік жеңіп келедіУақыт деген желмая,Еңкілдей желіп жөнеді.Жер таянып жетпіс тұр,Алланың өзі демеді.Баяғыша қартаймайКөкірек шіркін сөйлеп тұр.Елес те белес өткен күнКейінгі жақта көлбеп тұр.Қима сақал, қира мұртОл да бүгін ағардыКөлеңке басты жанарды.Сайынжан түске кіргендеСарғайтады санамды.Жаратыпты кең АллаБұйрық қылып озалданОн сегіз мың ғаламды.Сол сияқты қоядыАрманда қылып адамды.Қыздарым бар – қызыл гүлТілекші ғой олар даОларсыз көңіл толар ма?Олар да менің сусындарМөлдір бұлақ тұнығым.«Папалап» келіп алдымнанШығады ғой құлыным.Бүтінделіп қаладыЖан жарасы-сынығым...                                                          1955 жыл.