ВЕРНУТЬСЯ

Күйеуі соғысқа, майданға кеткен Саржан деген әйел жеменей ауылынан қуғанда Түмекеңе келіндігі жақын екен. Ел ішінде әлгі әйелдің «жеңіл етек, жел етек» деген аты шығады. Тіпті мұнысы әшкере де болып қалады. Сонда ары келген Түмекең:Қарағым, айналайын Саржан келін,Тасындай Самарқанның маржан келін.Бір кезде қол жетпейтін қымбат едің,Бұл күнде неден болдың арзан келін?..–Сұлуға сұқтанушы көп болады,Атанба жеменейге «жалған келін», –деп ұялтқан екен.