ВЕРНУТЬСЯ

Кейбір басшылар өзінен төменгі қызметкерлсрі парасатты, білікті және өзіндік пікір-ұсыныс айтатындарды жарата бермейтіні бар. Міне, осындай келеңсіз әдетке Есенжанов Бәшеннің әйелі Кенже де ұшырайды. Ол қызмет атқаратын бір мекеме басшысы «штат қысқарып қалды» деген сылтаумен жұмыстан екі-үш рет шығарады. Бірақ Кенже арызданып, бұрынғы қызметіне қайтадан алына береді. Осы бір жағдай Түмекеңнің құлағына шалынып қалып, Кенженің атынан өлең шығарады:Советжан, сәлем жаздым, саған жаным,Екі рет штат болды маған жаным.Біреудің бірдеңесін жегенім жоқ,Біреуге бір ауыз сөз дегенім жоқ.Қайда да алған ақым табан, жаным.Көңілдің көрсетуте мұңын шағып,Ізденіп елден жақсы таба алмадым.Бакуден шаланменен шай келген күн,Ақ секер, тәтті кәмпит, май келген күнЕңбекші есебіне саналмадым.Кәртішке бес жүз грамм біз аламыз.Беделмен бір зат сұрап ала алмадым.Жазымы бұл жалғанның жан қаза бар.Жан түгіл аузыңдағы нан қаза бар.Тегіміз терезедей тең емес пе,Әділдік әрдайымда жөн емес пе?Бұл штат маған десе қисаяды,Штатты жасап жүрген сен емес пе!? –депті. Бұдан соң осы өлең елге жайылып, мекеме басшысының да құлағына тиіп, «штат қысқартуы» қойылған екен.