ВЕРНУТЬСЯ

1955 жылдың күзінде Таушық кентінің №8 шахта деп аталатын жерінде отырған Дыбысов Айдархан басшы орындарда жауапты қызмет атқарып жүрген шағында бір мерекесіне орай сол кездегі Маңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Төлеген Қағазовты қонаққа шақырады. Бұл қонақасыға өзінің көршісі, әрі туыс ағасы Түмекеңді де шақырып, алып келеді. Түмекең дастархан басында Адайдың белгілі ақындарының шығармаларын, өзінің де күлдіргі сын-сықақтарын айтып, дастархан басын думанға бөлейді. Әлден уақытта Айдархан мен оньң бірқатар жолдастары Түмекеңе: «Ортамызда отырған Төлеген ініңізге ақ батаңызды беріңіз» деп қолқалайды. Ал Төкең Түмекеңді біреулер «молда» деп қудалағанда әлгілердің аузын буып, құтқарып жіберген екен. Әрине Түмекең «сен сөйтіп едің» деп Төкеңе көп көзінше айтпайды да, бірақ табан астында былай деп, жырмен шалқытып ақ батасын берген екен:Төлегенжан қарағым,Сен де іргелі інімсің.Баталы сөз ақ тілек,Тіл ұшына ілінсін.Ардақтысың халқыңа,Бірегейсің бірімсің.Алдыңда даңғыл жолың бар,Халқың саған қарайды.Машайық жатқан МаңғыстауАтқан таңы арайлы.Жақсы атағың шығып жүрМадиықтауға жарайды.Мен де бір «тақ-тақ» шалыңмынКөріп қалған талайды.Келе жатсың көш бастапҚолға ұстаған тізгіндіКөрген жоқсың бос тастапАдай мен Таз емшектесАқиқат дейді осы сөз.Шындықты қалай той баспақОтызыңнан асқанда«Ел ағасы» атандың.Небір жақсы жайсаннанАқыл өсиет бата алдың.Аудан түгіл облыстаАлдына түстің қатардың.Ақылың, ойың, сарабдалІлгері көпті апардыңМаңғыстау малды ауданныңТөрт түлігі мыңғырған.Жер асты байлық бар дейдіҚара алтынын тұндырған.Төлегенжан қарағым,Қасыңа Қыдыр қонақтапАсудан биік асыңдар.Бала емессің өзің деҚырықтан асқан жасың бар.Абыройлы, айбарлыӨрмелеп тұрған тасың бар.Ел үшін туған қырансыңӨзіңдей болсын асылдарНамаздың көркі – жамағат,Жаманның сөзі – балағат.Алдыңда айың туып тұрХалқыңда көп–ау аманатКөгере берсін көсегеңЕңбегің жансын ғаламат.Бәрін айт та, бірін айт,Айналайын Төлеген,Бола бер есен-саламат..!1955 жыл.