ВЕРНУТЬСЯ

Бүл шежірелік толғаудың толық нұсқасын жаңай Жанжігіт Қосназаров жырау біледі екен. Амал не, барлығы да сол марқұмның өзімен бірге кете барды. Төменде жырдың жыршы-жыраулардың есте қалғандары ғана жарияланып отыр.Мен Балтабастың Түмені,Бәйбішеден руым.Алыстан сөзді бастайынЕскіден түйген деректіҰрпағыма тастайын.Алуан-алуан жүйрік барӘркімнің де өзініңӘліне қарай шамасы.Шабылып тұрған шаршығаТалайлардың бар шығар,Тайы менен танасы.Алшында жүйрік атанған,Әбубәкәр КердеріЖетірудың Тамасы.Қалынып тұрған қазақтаҚарттардың бар-ды шаласы.Тарихтың тағы бар,Талай жерде таласыОн алты ата жер екенӘнестен қазақ арасы.Қазақтан өнген халық едім,Алты санның Алашы.«Алаштап» ұран шақырыпАлашұбар ту ұстапАқсақалдар бата еткен –Бұрынғыдай болмасынКөңіл мен көздің аласыҚазақтың қазақ болған жерМың жарым үйге толған жерСырдария, СемейдіңСырт жағында даласы.Құрама өзен ҚұрсайдыңҚұндызға құйған сағасы.Жайлаған жері жазды күнШағалалы ШалқардыңШалғын шыққан жағасы.Құлалы бие құлындапОртаймаған сабасы.Қоңырат, Тәшкент, ҚоқанменХиуа, Үргеніш, Бұхар бопБаратын базар-қаласы.Аттылы жолы алты күн.Бір айда зорға келеді,Жүкті түйе қалашы.Таққа мініп тәж киген,Бай-падиша, хакім-ханХалқының аты қарашы.«Адайда әке жоқ, – деген,Әкеге Адай тоқ» – деген,Жамандардың және бар,Жауып жүрген жаласы.Әкеміз Адай туған жерКіндігін кесіп буған жер.Шағыра, Шаңдақ, Алғый, Нұр,Төртеуінің арасы.Құндағы жібек қара құсБесік еткен белгісіБұралып шыққан бұтағыГүлдеп шыққан көгеріпЖанның жалғыз ағашы.Сол жерде екі түн жатты,Айнала төрттей күн жаттыЖас ұланға жар болғанЖалғыз Алла – панасы.Залалды заттар сақтағанХызыр-Лияс бабасы.Азан айтып ат қойғанӘспембет-Арғын данасы.Төрт ата жері төреніңҰлы жүздің Үйсіні.Атақожаның ЕлтайыКөңілдескен көрші екен.Қызға артық бағасы.Байдың қызы ҚанбибіАдайдың туған анасы.Көзімен көрген бұларды,Есентемір атанғанТәңірберген Тағашы.Сол себептен АдайғаБайұлы болады нағашы.Адай деген ауылдыңАталығы ұлы Жүз,Аналығы Кіші ЖүзҰзын сөздің сарасы.Руға ұран атанғанІшінен Бекет Пір шыққан.Жезтырнақты кескілепТаутайлақты өлтіргенЕсекмерген ер шыққан.Әуелден Алла жаратыпАртық екен өзгеден,Байқағанда бағасы...