ВЕРНУТЬСЯ

Түмекеңнің бір Бөпіш деген жеңгесі болған екен. Күйеуден ертерек қалыпты. Бөпіштің де «әркімдермен жүреді» деген жаман атағы шығады. Ол Түмекеңе жеңге болғанымен жас шамасы көп кіші екен. Бірде ол Түмекеңе ойда жоқта оңашада кездесіп қалады. Түмекең: «Әй, жеңгей, әртүрлі әжептәуір әңгіме естиміз, ойын-күлкісі құрығырды алақандай ауыл ішінде, бетке шыққан сүйелдей болмай-ақ қоя қойсаң болмай ма?» – дейді. Сонда Бөпіш айылын жимастан: «Әй, қайным-ау, өзің басыңды бір көтермейсің, мені біреуден қызғанып қайтесің? Сен басыңды көтеріп келгенде, мен кеудеңнен итерген жерім бар ма?» – дегенде Түмекең сөз таппасын ба, Бөпішке былай депті:Бөпішжан-ау, Бөпішжан,Жеделдес өскен жеңгемсің.Көтере алмадым басымдыЕлу мен ұйқы жеңгесін.«Қызылың» барда қимылда.Көңілің бір желденсін.