ВЕРНУТЬСЯ

Қырқыншы жылдары аяқ ішінде Маңғыстау аудандық шикізат дайындау конторын басқаруға Гурьев облысының Теңіз ауданынан Нұршалиев Аманғали деген азаматы келіп, Таушыққа қоныстанады. Дегенмен ол ақ көңіл, аржайы алдына келген адамды үлкен болсын, кіші болсын әдемі қабылдап, бар мүмкіндігінше шаруасын бітіріп, күлімдеп шығарып салады екен. Көп ұзамай-ақ ол жергілікті тұрғындармен аралас-құралас болып кетеді. Бірақ ел іші ала-құла болмай тұрмайды. Қайсыбіреулер оны «Іштің қазағы» ден шет-қақпай етпек те болады. Аманғали ондайлардың сөзін елемей жүре береді екен.Бірде көптен бері бір балаға зар болып жүрген Аманғали балалы болып, кішігірім шілдехана той жасайды. Ел ақсақалдарын шақырып, ақ батасын алады. Бұлардың ішінде Адайдың қос жүйрігі Сәттіғұл мен Түмен ақындар да болады. Той үстінде кейбір жігіттердің келеңсіз қылықтарын сезіп, естіп жүрген Түмен Сәттіғұлға: «Мына Алаша балаға бір-екі ауыз тілек батамды берсем қалай болады?» – дегенде Сәтекең: «Сөзіңді біреу сөйлесе аузың қышып бара ма» деген ғой, менен рұқсат, айта бер» – дейді. Сонда Түмекең былай деп ағытылған екен:Шілдехана тойынаШақырған соң біз келдікҚұтты болсын құралың,Жұмысы үшін қоғамныңАзаматтардың әртүрліБасын қосып құрадың.Келтіру үшін керекті,Облыстық орыннан.Өз аузыңнан сұрадыңҚара тас қалап салған үй,Айнымай, азбай тұратын,Астраханда әлі түр,Әз-Жәнібек салдырғанОтырған мекен-тұрағын.Ойға алынған істі орындап.Бітіп тұр мақсат-мұратың.Бәріміз де БайұлыАрғы ата «Алшын» ұраным.Айтқанменен әркімнің,Жақыннан шыққан жақсығаБүйрегі тартып бұрады.Білемісің шырағымНе екенін мұраның?Білмесеңіз айтайын:«Салған сарай, айтқан сөз,Әнеки, сол мұра» деп.Айтқан екен кешегіДатұлы Сырым Нұрадын.            Көргеннің ісі көңілді            Көпшілікті бастамақ.            Шайырдың ісі – шаршыға            Өлең мен жырды тастамақ.            Батырдың ісін байқасаң            Жасанған жауды жасқамақ.            Шалағай мен шабанның            Ежелден ісі ақсамақ.            Белең берер белгілер: –            Сыртын сылап айтқан сөз,            Қараған көз бен қас–қабақ.            Ашу – бөрі, ақыл – нұр,            Дүние қоңыз – ашқарақ.            Еткеніңіз ем болар            Тұрған күнде шырағым.            Қолда дерек, баста бақ.            Балшық илеп, жер қазған.            Сапасыздың салдары –            Сарайды салса қайтеді,            Ең әуелден тастан–ақ.            Аманғали жолдастың            Салған жері сарайды            Таушықтан бері тасқабақ.            Бірі контор, бес пәтер            Алты бөлме үй салды.            Қалың қара тас қалап            Есігі екеу, төрі төрт,            Ішін қойды басқалап.            Адам азар шығады            Төбесіне баспалап.            Екпін кірсе еңбекке,            Тау ал десе тас алад,            Шаш ал десе бас алад.            Сұңқардың қыран баласы            Нені көрсе ұяда            Ұшқан күн соған бас алад.Бай қатыны бәйбішеЖанби деген шешемізӘлемнің алты шектісіҚырым бидің қызы екен.Бұрынғының ізі екен.Орданың үлкен орны еді.Әуелден-ақ, бастан-ақЖақсы-жаман, кімде кімБелгілі болад бастан-ақ.Кісі болар адамныңБелгісі болар жастан-ақ.Көнермеген көп оншаБір жігітсің жас талап.Біз қаусаған шалдармызСөйлемейтін аспалап.Әр жерден бір тігеміз,Қара сөзбен таспалап.Ойласам, үлкен ауылымсың,Аяқтай бара беруге,Біз қаусаған қарт ағаңКәртішкінің қазіргі            Жағдайынан жасқанам...деп Түмекең өлеңін аяқтай бергенде отырғандардың ішіндегі біреуі Түмекеңе: «Сөз ішінде Аманғалидың келіншегі, сіздің келініңіз қосылмай қалды ғой». – дейді. Сонда Түмекең «ә, солай екен ғой», – деп лекіте бір күліп:Қатыны жаксы жігігтің,Қара басы хан-дағы.Жақсы қатын жан-дағы,Бола берер және деТөрт құбыла жан-жағы.Жаман қатын құрысын –Тек бір айтқан сан дағы.Келінді жөнсіз демейді,Айнала көрші маңдағы.Бұл топыраш емес, тойда озғанАрқаның қызы-ардағы.Ақыл мен ажар, әдепті іс,Бәрі өзінің басындаАлла білер әркімніңНе боларын алдағы.Көгере берсін көсегеңҚызметіңді еселеңШалдардан бата алғаның –Көргенің әке-шешеден.Сен сырттан келген сый келін,«Әумин» деп елден алғыс ал –Біз бір шайыр шал атаңАтамыз Адай таңбалы...1947 жыл.