ВЕРНУТЬСЯ

Шаруаның жағдайына қарай Таушық пен Сартастың арасында көшіп-қонып жүретін дәулетті, мал-күйі бар руы Қыдырша Сәубет деген кісі бірде той жасап, Таушық, Сартас және көршілес Форт–Шевченко (қазіргі «Түпқараған» ауданы) ауданының Киров атындағы балықшылық колхозының адамдарын шақырады. Кировтан келген қонактардың ішінен «арақ аз болды» деп өкпелегендер шығады. Сонда Түмекең төмендегідей әзіл өлең шығарған екен:Сау болсын, Сәубет ағай той қылыпты,Тойына қос қошқарды сойғызыпты.Екі аудан қонағына қол қусырып,Қызыл шай, ащы араққа тойғызыпты,Ақ отау жасанып тұр, бауы парша,Желегін зер мақпалдан ойғызыпты,Екі үйге бәрін әрең сыйғызыпты.Шалдардың шақырудан шаласына,Сыбаға сыйлағаннан қойғызыпты.Арақты аңсағанға құйғызыпты.Кировтан келген екі-үш қонақтары.Бар екен ақылдан да шолақтарыАйқайлап «арақ сұрап» керіс қылып,Бірақ та бал сорпаны сораптады.Сонда да шалабурыл шатқаяқтап,Атына міне алмаған «дорақтары»..!