ВЕРНУТЬСЯ

1943 жылы «Маңғышлақ» көмір тресі жұмысшыларын жабдықтау бөлімінің малы үшін Таушықтағы жоғарғы сынып оқушыларын жинап, Ленин орденді, халық мұғалімі Төралы Самалықұлы мен Түмекең екеуі Емді тауының үстінен шөп шаптырады. Сонда Түмекең оқушыларға былай деп үгіттік өлең шығарған екен:Емдінің еркек бозы шапқанымыз,Шаруа шамшырағы жакқанымыз.Қиын деп қиналмаңдар балаларым,Қоғамға пайдалы істі атқарыңызОңай ма орақ ору, шалғы салып,Шөп болсын біраз мезгіл «баққаныңыз»Комсомол, пионерлер жалындаған.Жөн болды жастық отын жаққаныңыз.Майданда жүр ғой талай әкелерің.Ұят қой бетті бүркеп жатқанымыз.Тырмысып жүрміз біз де, екі шал да,Жазылып құрыс-тырыс «қатпарымыз».