ВЕРНУТЬСЯ

Соғыс аяқталып, елдің еңсесі көтеріле бастаған кез. Сәттіғұл мен Түмен көбінесе бір жүреді. Реті келіп жатса ағыл-тегіл жырлаудан да жаңылмайды. Бірде Мұңалдың белгілі азаматы, әрі сөзге би, өзі де жауапты қызметтердің басын ұстап жүрген Бәшен Есенжановтың үйі соғымға семіз бір қара атты жаратты деген хабар екі ақынның құлағына тиіп, Бәшеннің бар-жоғына қарамай үйіне түстенуге келіседі. Жалпы «Бәшен ауылда жоқ-ау деген де» сыбыс естиді. Бірак неде болса деп, Бәшендікіне келеді. Бұар алдын ала сөз байласып Сәтекең Түмекеңе:– Кенже келін, сөз иесі, көргенді келін ғой, барған соң, өзара күбірлесіп отырып алмайык, амандасуды мен өлеңмен бастайын, сен жалғастырып отыр, – дейді. Түмекең келісе кетеді.Тыстан ақындар кіріп келгенде, Кенже жалғыз өзі ұршық иіріп отыр екен. Ол қайынағаларын көріп, орнынан тұрып, иіліп сәлем етеді. Төрге төсек салып, көпшік тастайды. Амандық-саулық сұрасқан бойда Сәтекең:ІІІырағым, аманбысың, Кенже келін.Өзіңді санамаймыз кемге келін, –деп Сәтекең Түменге қарап күлімсірейді. Сонда Түмекең:Сен емес ризыққа кенде келін,Білмейді-ау шалдар жайын өңге келін, –дегенде Сәтекең іле:Бәшенжан бозбалалық жасайд дейді,Егерде сыртқа кетсе сенбе келін, –дегенде Түмекең:Айтқаны Сәтекеңніц рас болса,Жайыңа қарап жүрме сен де келін, –дегенде Сәтекең:Шалдардың басы ауырып шөлдеп келді,Шайыңды жылдамырақ демде келін, –деп Түмекеңе басын бір изеп қояды. Сонда Түмекең:Шалдардың басы шайға жазылмаса,Қара аттың қазысымен емде келін, –деп екі ақын сөздің тоқ етерін айтып, лекіте күліп тоқтаған екен. Кенже келін бұларды тыңдап, көзінен жас аққанша күледі. Әдемілеп шайын да дайындайды. Сол кезде Кенженің жас шамасы 35–36–лар   шамасында   екен.   Ол   жақсы қасиетімен, қонақжайлылығымен ашық    жарқын мінезімен, кеңпейілділігімен, аты шыққан кісі екен. Өзі де өңді, сұлу әйел болған екен. Реті келсе әзіл сөзге де жүйрік, анау-мынау сөзге апшымай, кейде өз қатарлы адамдарды сескендіріп те отырады екен.Кенже Қосай ауылының қызы. Ол екі ақын ақсақалмен біраз әңгіменің басын қайырады. Көңіл көрігін қыздырған Сәтекең жалпы әр сөзін санап сөйлейтін, бірақ айызыңды қандыра сөйлейтін ділмар. Ал Түмекең желдірте, екпіндете, күлдіре сөйлейді, іркіліс, ілік-шалыс болмайды. Сонымен тәтті шай ішіліп, табақ толы жал-жая, қазы-қарта да келіп жетеді.Ашқұрсақтау жүрген шалдар да көңілдене түседі. «Ердің атын қатыны шығарады» деген емес пе, «Кенже келін»деген ақындардың сөзі лезде елге тарап, күні бүгінге дейін ескірмей, ауыздан-ауызға түспей, айтылып келеді.