ВЕРНУТЬСЯ

«Қаңға» жерінде отыратын руы табынай Мөріш деген кісі колхоз малы түгілі, өз малын өзіне сойдырмайтын қиын-қыстау жылдары колхоздың бір серкесін аштықтан әбден көзі қарайған соң, сойып алыпты. Меріштің көршісі, әрі малшы Амантұрлы деген біреу оны сезіп қалып, заң орындарына хабарлайды. Әлгінің «шолақ белсенді» деген аты бар екен. Содан Мөріш әңгімелі болып, басы біраз шырғалаңға түсіп, зорға құтылады. Мұны естіген Түмекең бір күні Мөрішке кездесіп қалып, амандасқаннан кейін оған былай деген екен:Амандостың Мөріші,Құдайдың саған берісі.Көк серкенің етін жепКеңейген екен терісі.Сені әңгіме қылып жүр,Гуілдесіп ел іші.«Жар астында жаулар көп»Олар көзге түспейді.Барысы мен келісі.Күндіз тыным таппаған,Түнде ұйықтап жатпағанҚасыңдағы көршіңізАмантұрлы деген не кісі? –деген екен.