ВЕРНУТЬСЯ

1949 жылы Түменнің қызы Моншақ дүниеге келгенде дәметер ағайындар қызына «құтты болсын» айтып келе қоймайды. Сол кезде Түменнің жақын туысы Дыбысов Айдарханның қызы Алтын ғана арнайы келіп құттықтайды. Сонда Түмекеңнің қызы Моншақ болып Алтынға айтқаны екен.Тоғыз айға толғасын,Жылға жақын болғасынМен хабар алдым халқымнанӘйел де болса ақсақал,Жетпіске толған қартымнан.Үмітімді үзбеймінӘлі де болса бір нәрсе,Бола ма деп артымнан.Аяғынан әл кетсе,Арқасынан жал кетсеКұйрығы шипаң қара нар,Жетекке жүрмсй тартынған.Жоқтық жеңсе жомарттыңҚысқарып қолы тартылған.Сараңдык жеңсе сахидыЖоқ дейді затын бар тұрған.Жеңгелерім бар едіЗаманы болып осындайКөйлекке күйі келмепті.Баулы құстай бағулыТұғырда тұрып талпынған.Замана болды бүгіндеҮлкеннен кіші артылған.Қызыл сәтен қынамаАйналасы ақ ұштапПаршадан таққан бауы барКөйлек келді көрмегенАғайдың қызы Алтыннан.Ойлаған жерге оқ атқан –Мұндай бала туа алмас;Ендігі жерде жарандар,Адайың түгіл Алшыннан...