ВЕРНУТЬСЯ

Тас көмір тау астында тасып жатыр,Берілген «пландары» асып жатыр.Жоспары жұмысының орындалмай,Бастықтың бірқатары сасып жатыр.Ішінде еңбекшінің екпіндісі,Көмірді шоқыр шотпен басып жатыр.Отанның осы күні опалықпен«Қышыған» жерін тауып қасып жатыр.Жетісіп жерден байлық алмақ түгіл,Ортаға олжа тауып салмақ түгіл,Кер кеткен Германия осы күніОрынсыз өз дүниесін шашып жатыр.«Көзімді аш, дүниені көремін» деп,«Көмекті көпшілікке беремін» деп.Тас көмір жер астында «тулап жатыр»,Жалынып жұмыскерге шулап жатыр.Қажымай қайрат еткен қатын–балаҚабатын қара жердің турап жатыр.Шабысты біздің елден шаппақ түгіл,Табысты бізден іздеп таппақ түгіл.Олжаға қарық болмақ немісініңФабрик–зауыттары қурап жатыр.Тұщы су, тұнық көлді айдын шалқарӨзендер өрден төмен ағып жатыр.«Тілгірам», техника хабар алып.Радио жер жүзіне қағып жатыр.Халық едік біз қараңғы қазақ деген.Жарық шам ортамызда жанып жатыр.Жолдастар, білемісің, осы күніБатыста біздің әскер неғып жатыр.Білмесең сендер тыңда мен айтайын:Германияның Берлин деген астанасын,Айнала алайын деп бағып жатыр.Жыландай құйрығымен қоршап алып,Тигізіп тілдің ұшын шағып жатыр.Балдарым барған жауға батыл етіпШаңдарын зұлым жаудың қағып жатыр.Берегін белгісіне байрақ үшін,Төсіне Ленин орден тағып жатыр..!1945 жыл.