ВЕРНУТЬСЯ

Айтайын айтар сөзді өтімдіге,Бұл сөздің тыңдай ма жұрт шетін бүге.Желкелеген жетпістен кеттік өтіп,Бесін өтіп, таялды екіндіге.Көп жырлауға дәрмен аз балаларым,Білесің гой атаның шамаларын.Үлкендердің сөздері үйдей болар,Өздеріңше оларды бағалағын.Ашылмасын қалайда араларыңСондай кезде жыртылмас жағаларың.Өліде емес, тіріде сыйласыңдарАнау-мынау қаңқуға қарамағын.Тірлікте жүр ақымақ, ақылды да,Көріп жүрміз арамза, мақұлды да.«Таспен ұрса аспен ұр» деген бар ғой,Ала көрмең жат қылып жақынды да.Жылы сөз айт көңілі қарайғанғаКезігерсің сан мінез талай жанға.Т'ышқан екеш тышқанның өз іні бар,Өз үйің артық алтын сарайдан да.Қиындықтың шыдай бер салмағына,Құр уайым ілмесін қармағына.Кісі ақылын тыңда да таразылаӨз ақылың жеткізер арманыңа.Болашақ бар алдыңда беттейтұғын.Бір заман бар қызығы жетпей тұғын.Өз ұрпағың, өз балаң біл қарағым.Өзегіне тепсең де кетпейтұғын.Туыс керек күлсең де, жыласаң да,Құрбы қымбат шерленіп, сыр ашарға.Шын ағайын көнеді телі-тентекҚұлағынан шыңғыртып бұрасаң да.Бірге түсер отқа да, жалынға да,Ортақ болар мұқтажға, барыңда да.Жаманың мен жақсыңды бірдей бөлерБір өзіңді түсінер жарың ғана.Қарашаға кіші бол хан болсаң да,Қайырым ет мүсәпір жан болсаң да.Ұмытпа жарығы астына түспейтінін,Жарқыраған әлемге шам болсаң да.Төбешікке көзің сал тау болсаң да,Қылышыңды суырма жау болсаң да.Мың асқанға бір тосқан болатынын,Ойлап қонғын, бас аман сау болсаң да.Үңіреңдеп ауыл-үй аралама,Құр алдамшы күштіні жағалама.Біреу айтты екен деп екіленіп,Кінәсі жоқ адамды қаралама.Осы ақылды тоқып ал көңілменен,Аталарың құр босқа төгілмеген.Қашан келіп белгісіз есікті ашар,Арсыз ажал жұмбақ қой өлім деген.