ВЕРНУТЬСЯ

Елуінші жылдың басында сол кездегі елді билеп тұрған Коммунистік партияның құрылғанына жарты ғасыр толуына орай Алматы қаласында республикалық ақын-жыраулардың үлкен байқауы өткізіліп, оған Маңғыстаудан Түмен Балтабасов та қатысты. Ақындардың сөз сайысында Түмекең де замана сазына қарай партияны мадақтап, айрықша көзге түседі.Әуелі сәлем берейін,Астана жұртым, халқыма.Маңғыстаудан бір жүйрік,Жұлқынып шықты алдыңа.Шабытым келсе әлеумет,Терме жыр айтып берейін,Құмарыңды қандыра.«Домбыра тартып, жыр жырлап,Еңбекшілерді баура» деп,Тілеп отыр біздерден,Үкімет пен партия.Құдіретті халқымнан.Нешебір жайсаң дана өткен.Сөз қалдырған артынаӨнерімен өрге өрлепҮлгі берген жалпыға.Солардан айтып берейін.Жосыла сөйлеп көрейінДомбыраға үн қосыпМаржанын сөздің терейін:Абыл мен Нұрым, Өгізбай,Қалнияз бенен Қашаған.Аралбай менен кенже АқтанАсылын сөздің арқалапОсылар шыққан біз жақтан,Және де кейін бұларданСәтгіғұл мен СүгірімОктябрьге үн қосыпПартиядан жүлде алған.Өнері сөйтіп сомдалғанПартиям үлгі бергесінБілінбей қалған ақын жоқ,Елеусіз болып құр қалған.            Кешегі өткен заманда            Естуімізіше халықтан            Ақынның шамы жанбаған            Патша мен хан, би-болыс.            Халықты сорып жалмаған.            Надан ғып ұстап қолына,            Дін жолымсн алдаған.            Молда мен ишан көп болған.            «Пайғамбар, Алла, Құдай» деп,            Құлқыны үшін сарнаған.            Олардың бүгін бірі жоқ,            Көңілді халқым, бала тоқ,            Еңбек еткен еселеп,            Ерлерімнің кемі жоқ.            Жомарт жерім байлығын            Беріп жатыр ақтарып.            Жыр жырлайды ақындар            Көкірегі шаттанып.            Еңбек сүйгіш жастарым,            Қай жерде болса қиын іс            Кетеді соған аттанып.            Елу жылдық бұл тойың            Құтты болсын партия            Әперген бақыт халқыма...