ВЕРНУТЬСЯ

Қысқа жіп

          Мен
сендерге бола алмадым сүйеніш,

сорым - ұзақ,

қолым - қыска,

күйеді іш...

құдды
мендей ұялатын тәрізді,

құмға
басын тығып тұрған түйеқұс.

Тоқта
тұрған жүрегім бар тыз еткіш,

табаным бар,

қабағым бар сыз өткіш,

достарым бар

дымым шықса түзеткіш,

аспаным бар

адымымды күзеткіш.

Дөңайбат қып,

дүрдигенмен құр
кеуде,

қысқа жібім келмей қойды-ау күрмеуге.

Болар да еді бәрін қайта бастауға,

бұл өмірді болар да еді сүрмеуге...

 

Алданған ұрпақ

           О,мен нені
өмірде ұрлатпадым:

Жүрегімнің жоғалттым нұрлы оттарын,

Жастығымның жоғалттым гүл бақтарын,

Шаттығымның жоғалттым ырғақтарын.

Махаббаттың тұтатар
шоғын үрлеп,

Көкіректе желбуаз көрігім жоқ.

Кітап біткен ұрлады
көз нұрымды,

Алдап жүріп айнымас серігім боп.

О, мен кімнен өмірде алданбадым:

Алдамшы боп шықты ғой армандарым,

Қарамасқа айналды қорғандарым,

Дар ағашқа айналды ормандарым.

Үміт қайда,

Білмеймін мақсат қайда,

Шөліркеу

          Қыз отыр терезеден баққа қарап,

Аулада ала төбет жатты абалап.

Жас жігіт желе жортып жақындады,

Астында аласатып ақтабан ат.

Қыз шығып қуған шақта қабағанды,

Қақпаға қызыл әтеш қона қалды.

Көңілі раушандай гүл-гүл жайнап,

Қуаныш қыз жүрегін орап алды.

Шөл қысып жас жігіт тұр көні кепкен,

Ақкөбік аты да асау, тағы неткен.

Жігітке құмырамен су апарып,

Қыз келіп анасына мәлім еткен:

-Апатай, құлағыңды
түрші маған,

Салт жігіт сырттан келіп су сұраған.

Қасқырды қорғау

             Адам - адамға
қасқыр.

Томас Гоббс

Көп жайлаған

Көкжалдай тау
етегін

Көк сеңгірді

Көксеймін, тәу етемін.

Қас қылмайды қасқыр да жолдасына,

Қаскөйлікке жете ме тәуекелің?

Жамандықтан жақсылық дәнін іздеп,

Жұртта қалдық,

Жортатын халіміз жоқ.

Жалбарынған жарыққа жақсы үмітім

Отыр әлі оң жақта кәрі қыз боп.

- Білемісің бөрінің жау екенін? -

Дейді маған

Бір білгіш нәуетегім...

Қасқырлығын адамның көре тұра,

Адамшылық қасқырдан дәметемін.

Суысу

           Қоңыр күз
келіп,

 қара ағаш налып,

 жапырағы жұтап, жалаңаштанып,

 будақ та будақ
бұрқырап бұлттар,

жаңбыр мен  қары аралас тамып,

үйерлеп
өлген жабағы тайдай,

жұрқанып жатыр қала жастанып,

шықарға шыға бүрсеңдеп, босқан,

біріне
бірі қарамас халық,

қанша күн болды,

қаншама ғасыр

аспан да, мен де қабақ ашпадық?

Көк пенен жердей,

есік пен төрдей,

біздер де бөтен бола бастадық,

сезімді қадір тұтпайтын дәуір

келе жатқандай жаңа басталып!

Страницы