ВЕРНУТЬСЯ

Ертегінің ізімен

          Күн нұры
топырақпен біріккеннен,

Бір Адам

Дүниеге кіріп келген.

«Кім менің ата-анам?» деп ойға түсіп,

Өзіне пәлсапаны жуық көрген.

- Топырақ пен дән неге құдіретті?

Күн мен жұлдыз, ай неге құдіретті?

Тұман мен жел, су неге құдіретті?

Жапырақ, гүл, ну неге кұдіретті?

Құдіреті неде екен миуаның?

Балауыздың кім білген сыры, мәнін?

Қаймақ пен сүт, қамырдың, саз балшықтың

Құдіреті
неде екен құмыраның?

Тәңірім-ау, мынау қол, мынау кеуде,

Шыңғыстай

          Бұл ауылда

бұлт кешіп бала өседі,

бұлтты болар сондықтан келешегі,

балқарағай сарсүйек болған кезде,

бүршіктерін қытықтап жел еседі.

Бұл ауылдың

болғасын құты
басым,

тұтқынына түбі кеп тұтыласың.

Шыңғысханның сүйегін қымтап алып,

киелі тау ашпайды құпиясын.

Бұйыртпаса,

Алтайдың бар қонағы,

бір көруге Мұзтауды
зар болады.

Арқарлардай ауылға ауып келген

ақша бұлттар
аралар әр қораны.

Мызғып жатыр

маңғаз тау мұз бөктерген,

Сырымды кімге ашпадым

        Сырымды
кімге ашпадым: -

Тыңдады тамшы, шық бәрі

Бірі де сенен басқаның

Жанымды бірақ ұқпады.

Махаббат миын жаулаған

Жан екем аңқау, ақымақ.

Жалынның сырын лаулаған

Түсінсін қайдан жапырақ?

Осылай жұмбақ
күн кешіп,

Өмірге жүр ем өкпелеп.

Өзіңмен бүгін тілдесіп,

Жүздесіп қалдық

Шоқ пен от.

Деміміз біздің жиі ысып,

Сәулелі сырлар шерткенбіз

Жалын мен алау сүйісіп

Айналып кеттік өртке біз.

 

Жидебайға

           Абай ата, келе алман күнде саған,

 Саған шақпай мұңымды кімге шағам?

Көресісін түгелдей көріп болмай

Күтіп тұрған көрге де кірмес адам.

Жерден сырлас таппадым сөз ұғарға,

Көкте жүрген күштінің көзі бар ма?

Тіршіліктен түңілген тамам үміт

Өзін асып жатыр ғой өзі дарға!

Ақзу тілім ақ cop боп шұбарланып,

Қыжылымды айтпадым құмар қанып.

Гәкку әнім гөй-гөйге көп ұласты,

Сұңқылдаған аққудай сыңар қалып.

Туған жерді тозакқа айналдырып,

Амалсыздан аһ ұрам айлам құрып.

Жүрек

        Қазақ қызға кездігеді бақшада:

«Қашан мендік боласың сен, Оксана?

Ақ семсердің жүзіменен сен үшін,

Байлық табам,

Шашын өріп,

берсең болды келісім!»

қыз сөйлейді ал кеуде:

«Мен орманда бал ашқызғам балгерге.

Балгер айтқан: болады деп сүйерің

Кім әкелсе анасының жүрегін!

Мен өзіңмен бақытты өмір сүрейін,

Әкел маған кәрі анаңның жүрегін.

Жүректі өртеп, күлін ішсем ерітіп

Саған ғашық болар едім елітіп!»

Дел-сал болып қазақ жүрді қайғырып,

Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылып.

Страницы