ВЕРНУТЬСЯ

Кешкі көрініс

         Дымқыл шөпті таптап өтті өкшелер,

Күл ішінде күні бітіп, шоқ сөнер.

Суық сүйер айдын бетін айнадай,

Қараңғылық бет-жүзіңді өпсе егер

Шырт еткенде құрғақ
отын шаласы,

Шашырайды жарқ етіп шоқ, қарашы.

Аяқ құрғыр
мұнарды илеп тізеден,

Қараңғылық отты үрлеп тұр шамасы.

Ғасыр бойы кімді кімдер иледі?

Біз жерді, әлде, жер біздерді биледі?

Өмір-бақи шөлі қанбас көмейге

Бір-ақуыс топырақ па тигені?

Жанарыңнан жарық сәуле сұйылар,

Қара түнек көзіңе кеп құйылар.

Жаңғызтөбе

            Жусаны
жұпар шашқан

Жаңғызтөбем,

Жоныңнан жалаңаяқ

Жалбыз терем.

Жанымның жапырағын жамыратып,

Жарысып жібек желмен жалғыз келем

Алдымнан адырларың андыздаған,

Ауылсың қасиетті, Жаңғыз, маған.

Аулақта ата-анамды аңсағанда

Ақ жауын алқымымды айғыздаған.

Атыңнан айналайын «Жаңғыз» деген,

Төркіні текті өнердің әнді үзбеген.

Жаһанның Жерұйығы сен едің ғой,

Атамыз Асан қайғы
мәңгі іздеген.

Жер бар ма бұл жалғанда Жаңғызымдай,

Жеткізген бұлаңдатып хан қызындай.

Қансонар

          Құба жонды

Қымтап қапты қар бүгін,

Қырға шығып,

Қарды кешіп қаңғыдым.

Қансонарда шұбырта әкеп шашқан кім,

Қарақұрым
құстың ізін, аң жымын?

Ұясынан
ұзап ұшқан ұзақтай

Ұмытсам деп дүниенің тарлығын,

Апанынан алыс жортқан арландай

Қай қияда кездесер деп қанды күн?

Аң болсаң да, кұс
болсаң да арқала,

Пешенеңе жазған болса нар жүгін.

Тіршіліктің шимайының белінен

Екі-ақ сызған ізі мынау шаңғының.

Әріптері сайрап жатқан ақ кітап,

Әліпбиге алар ма еді әрбірін?

Мәңгүрт

             Парасат, білім жағынан толысқандаймын,

Павел, мен бүгін өзіңдей орысқа айналдым.

Көгілдір көзді қыздарға қырғидай тиіп,

«Ой, морозды» айттым төрінде қоныс тойлардың.

Темекі тарттым сен құсап,

Арақ та іштім,

Айықтыратын ақ төсек абаққа түстім.

Төбелес десе дәл сендей делебем қозып,

Біреудің жағын
бұзғанша тағат тауыстым.

Көкнәрді алсам ширатып зәуіде қолға,

Жындының қалар ере алмай бәрі де жолда.

Орыстан да озып кеткенмін бұзықтық десе

Жарысамын деп менімен әуре болма.

Махаббат қолшатыр

         Қара жауын
құйғанда сорғалап-ақ,

Қолшатырын ашып ел қорғаламақ.

 Жауын тоқтап,

Жаһанға болса
тыным,

Жұрт та жинап қояды қолшатырын.

Түгесіліп тынымсыз тамшылары,

Аспан түгел айығып,

Аршылады.

Махаббат - сол қолшатыр!

Жұртты қорғап,

Малмандай боп суға өзі малшынады!

Страницы