ВЕРНУТЬСЯ

         Дымқыл шөпті таптап өтті өкшелер,

Күл ішінде күні бітіп, шоқ сөнер.

Суық сүйер айдын бетін айнадай,

Қараңғылық бет-жүзіңді өпсе егер

Шырт еткенде құрғақ
отын шаласы,

Шашырайды жарқ етіп шоқ, қарашы.

Аяқ құрғыр
мұнарды илеп тізеден,

Қараңғылық отты үрлеп тұр шамасы.

Ғасыр бойы кімді кімдер иледі?

Біз жерді, әлде, жер біздерді биледі?

Өмір-бақи шөлі қанбас көмейге

Бір-ақуыс топырақ па тигені?

Жанарыңнан жарық сәуле сұйылар,

Қара түнек көзіңе кеп құйылар.

Түн ішінде жалын ғана әндетіп,

Самайыңа күміс қырау жиылар.

Түн күрсінді.

Су бетінде сарқынды -

От сәулесі шағылыса шарпылды.

Қызыл көзі қайта ашылған көмірден

Күлгін түтін қайта туып шарқ ұрды.

Жүзімізде үрей табы жарқырар,

Ерніміздің желімденген қалпы бар.

Үйеңкінің жапырағы шырқырап,

От ішінен таңға қарай талпынар...

бозторғай

дүниені
әнімен дірілдеткен,

Бозторғайды іздедім бүгін көктен.

Өзі көзге көрінер-көрінбес боп,

Кең даланы көтеріп шырыл кеткен

Бозторғайым, шоқтайсың уыстағы,

Көмейдегі тілімнің туысқаны.

Өзегімді әніңмен өртей түсші,

Көңілімнің жазылсын құрысқаны.

Менің денем биікке самғап алар,

Көлеңкесі құрттай боп жерде калар.

Көкке өрлесем - өзіме бойлағаным,

Кеудемде де бозторғай пайда болар.

Таңдайымда ериді дауыс қардай,

Мұздай түсті алтын шоқ қалыс қалмай

Мөлдіредің, бозторғай, көкке сіңіп,

Here сонша өрледің алыс, талмай?

Көңілдерді шырмаған шырмауықты,

Тарқатпақ боп шырқауың тым қауіпті.

Әнің сенің ақ бұлттан әрі асқанда,

Кеудесінде кімдердің кір қалыпты?

Әкесін
жұрт ұмытпайды

Ешқашан,

Тебіренем әкемді ойлай бастасам

Өмірі мен сөзін жатқа білмеймін,

Жадымдағы ақ кітапты ашпасам.

Жанымда жүр

Оның өшкен жан нұры,

Тағдырымда жүр оның да тағдыры.

Оған деген сағынышпен өтті ғой,

Қанша күнім,

Қанша жылым,

Барлығы.

Сүйелденді алақаны Анамның,

Көзінде оның -

Үміт, бейнет, алаң, мұң.

Екеуміз де мұрагерміз
тағдырға,

Ол тағдырды, қайдан іздеп табармын?

Алдап жүр ме зерде деген зер-сезім,

Өзің жайлы тыңдап едім ел сөзін,

Өзгеше етіп суреттейді бейнеңді,

Әкежаным,

Өтінемін,

Келші өзің.

Зираттарда,

Айтар болсаң ашығын,

Байтақ әлем жатыр бізден жасырын.

Соның сырын берер маған кім ашып,

Тірлігімде,

Озбай тұрып ғасырым?

Соғыс бітті,

Жылдар зулап өтті енді,

Сені күтіп сарайыма от толды.

Шындық қайда?

Жалған қайда екенін

Өзің келіп түсіндірер шақ болды.

Тумасы сен
мен боп ак,қан бұлақтың,

Аш-жалаңаш жетілдім де,

Гүл аттым.

Сен -

Сөйлемсің соғыс өзі өшірген,

Соңыңда мен -

Нүкте емеспін,

Сұрақпын??!