ВЕРНУТЬСЯ

       Өмір өтті
зымырап,

Қоштасуға шақырдың,

Бұл
кездесу - түрі жат,

Әлсіз дауыс, ақырғы үн...

Кірпікті әнтек көтердің,

Көзің қайда өміршең?

«Міне, балам, әкеңнің

Шаруасы бітті...» - дедің сен

Жасқа толы
қарашық...

Қорқып болған батырсың,

Ашылмайды парашют...

Құлап келе жатырсың.

Дәрмені жоқ ұлың - зар,

Асқар тауым, кеше гөр.

Сенбес едім бұрындар:

«Тау өледі» десе егер.