ВЕРНУТЬСЯ

          Көше
бойлап,

көктеммен тыныстаған,

зағип кемпір келеді

гүл ұстаған,

көзіндегі қап-қара әйнегіне

шағылысып қояды күміс ғалам

Жол үстінде сүйіскен тоқтай қалып,

екі жасқа соқтыкпай,

өтті айналып,

сапер сынды келеді алдын барлап,

таяқ етіп ұп-ұзын
оқтауды алып.

Періштелер ұшатын қараңғыға,

жан-тәнімен көндіккен

адам мына,

қызғанышпен тіпті де карамайды

көрсеқызар келетін жанарлыға.

Өмір сүріп келеді ол көкірекпен,

өкіл болып көрген жоқ

өкіметтен,

соғыстарға бергісіз сьездерде

бар халықты жағалай соқыр еткен

Жарық жалған бермесін

төрін, мейлі,

жаны жасып,

тірліктен жерінбейді,

көңілінде соқырдың жанған сәуле,

көзі барға ешқашан көрінбейді.

- Көрсоқыр!
- деп біреуді қажап, сөгіп

көзге шұқып жатады-ау,

мазақ көріп,

адам түгіл

тағдырдың өзі дағы

басырлықтан жүргенде азап шегіп...