ВЕРНУТЬСЯ

            Адам үшін ең
ауыры жазаның -

Тарту болар жалғыздықтың
азабын

Қолайнаға қолы
жетпей жүр дейді,

Темір торға тығылған
бір қазағым.

Қайран өмір -

Қаймана үшін жыр бесік,

Қапастағы тұгқын
үшін - күр кесік.

Жалғыздықтан жан сақтайды ол жабықса,

Айнадағы бейнесімен тілдесіп.

Жабыққан жан,

Торықканда
түрмеде,

Қолайнамен тілдеседі түнде де.

О, тіршілік түтқыныңмын мен сенің,

Түн ұйқыдан текке безіп жүр деме.

Сырласпаймын сусылдаған жұртпенен,

Сырласамын жұлдыздармен,
бұлтпенен

Тілдесердей жапырақпен, жаңбырмен,

Түнде мені қандай түлен түрткен ең?

Қараңғыда қарсы қарап айнаға,

Жалғыздықтан жан сақтаған қай бала?

Түнгі тылсым табиғат па панасы?

Тірлік бөтен,
ажал да оған қаймана...

Қандай ыстық қара
түннің құшағы,

Бауырына босатпастан қысады.

Сұм жалғанның соры менен азабы,

Тәтті елестей көзден бұл-бұл ұшады.

Жалғыздыққа құрбан
болған есіл жан,

Айнасынан айырылып тосылған.

Арпа ішінде бір бидайды кім ұғар,

Әлде күрмек көп күрішке қосылған?..

Өмір-өзен
деиді осы халық неден

Мың құбылған
тірлікті дәріптеген?

Қанша жүзсең -

Қалмайды ізің суда,

Қайық тұрмақ
болса да алып кемең!

Шырқ үйірген әлемді өмір-құйын,

Шатырлаған аспандай көңіл күйің.

Өмір - құйын дегенім өтірік пе,

Билетпей ме біздерге небір биің?

Жөні бар ма тірліктің тамсанғандай,

Жынданасың жеңілген маршалдардай,

Меңіреулердің ішінде мақам оқып,

Саңыраулардың ішінде ән салғандай...