ВЕРНУТЬСЯ

           Қоныс
болмай ешкімге

Құлазыған ескі үйде,

Құшақтасып отырмын,

Аруақтармен дос күйде

Көздерінде өшкен от,

Бұлар кімдер?

Есте жоқ.

Кім болса да бәрібір

Енді маған дос керек.

Бұлдыр-бұлдыр өздері,

Былдыр-былдыр сөздері,

Қайдан қолға түсірген

Мен сияқты кезбені?

Тастап жатқан әр жаққа

Қолдары өзі қармақ па?

Аруақты ақын едім ғой,

Айналғам ба аруаққа?