ВЕРНУТЬСЯ

         Баяғы
әндер,

Білмеймін басқа ма еді?

Тыңдай калсам көзіме жас келеді.

Өмірімнің өткендей Өскемені,

Жастығымның қалғандай Қаскелеңі

Ескі әндерді

Естісем - жасарамын,

Еримін де бұлақтай бас аламын.

Қайта ашады көзімді жасағаным,

Қайта алдымнан қашады қашағаным

Ескі әндерден жаңа мұң естілгендей,

Есіп жүріп боласың ес кіргендей.

Теріс аққан өзендей тентек жүрек,

Кешкіргенде

Кінәсін кеш білгендей.

Ескі әндерден жаралған жаңа ойлардың

Кісі бар ма кіндігін кестіргендей! ?.