ВЕРНУТЬСЯ

           Арыстандай
айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандаған
байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың,

Қазақстан, ардақтым!

Тұлпарыңның шабысын,

Домбыраңның қағысын,

Күңіренткен тау ішін,

Дарияңның ағысын

«Сүйем!» десем - бәрі шын,

Қазақстан - намысым!

Әрбір тасы - киелім,

Әр уығы - жүйелім,

Ән кернеген жүрегін,

Күй кернеген тиегін,

Сары алтыннан сүйегің,

Қазақстан - жыр елім!

Шаңырағың - шырағым

Топырағың - тұмарым,

Ғаламда жоқ сыңарың,

Ғажайыбым, жұмағым,

Басы таза бұлағым,

Басылмайтын құмарым,

Қазақстан - қыраным!

Айың тусын оңыңнан,

Күнің
тусын солыңнан,

Жұлдыз жансын жолыңнан,

Басыңа бақ орнасын,

Қыдыр болсын жолдасың,

Құдай сені қолдасын,

Қазақстан - көз жасым!..