ВЕРНУТЬСЯ

         Бөлмемде бар бір сейф,

Кілтін ешкім таба алмай,

Көп кісілер жүр кейіп,

Керек затын ала алмай.

Әрбір адам - бір құлып,

Кілті жатқан аспанда.

Бір бірінен сыр бүгіп,

Құпиясын
ашқан ба?

Әрбір адам - бір жұмбақ,

Шыңырауда шешімі.

Ашылмаған сыр - қымбат,

Құлыптаулы есігі.

Жан - құпия...

Оны кім

Аша алады, досым-ай,

Кілт іздеумен өмірің

Өте шығар осылай...